Желтоқсанның 30-нан 31-не қараған түні Индер ауданы Елтай селосында мал ұрлығы болды.
Мал ұрлаушылар қорадағы сиырды жаяу жетектеп, ауыл шетіндегі тоғай арасына апарып сойып, ішіндегі бұзауын лақтырып кеткен.
Ұрланған сиырдың иесі Мақсым ОРЫНБАСАРОВ:
- Бұл біздің жалғыз сиырымыз еді. Осы қаңтарда туып, ағарған ішеміз бе деп отыр едік. Үйіміз ауылдың қақ ортасында, қасымызда мектеп бар. Айналада жарық жанып тұрғанда, қалай қорықпай алып кеткеніне таң қалып отырмын, -дейдішарасыз күйде.
Еске салып өтейік, өткен жылдың жазында, маусым айының ішінде дәл осы Елтай ауылынан 20 сиыр жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы мал иелері полицияға арыз түсіргенімен еш нәтиже болмады. Малдары ақыры табылған жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА