Атырау, 23 тамыз 09:44
 дождьВ Атырау +23.7
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Атырауда

Қуаныш сыйлаған төбеттер Басқа жаңалықтар

Қуаныш сыйлаған төбеттер

Жарты жылдан бері «Атырау.Маленькая страна» итбегілер клубының директоры Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеу тәжірибесін белсенді түрде енгізуде. 10 қазан 2013, 00:00 6 775 рет қаралды
Кеңестен қалған жәдігер Басқа жаңалықтар

Кеңестен қалған жәдігер

63 жастағы Геннадий ГОРДИЕВСКИЙ өзінің көнекөз ГАЗ-67 көлігімен Атырау көшелерімен жүріп өткенде бей-жай қалатын жан болмайды. Адамдар Геннадий Ивановичке жақындап келіп, көлікке сүйсіне көз тастап, қолмен ұстап көруге ұмтылады. Дегенмен, қожайынның өзі көлігін мұражай жәдігері деп есептемейді. Көлігі әлі жүйткіп тұр, түрі де керемет келісті. 10 қазан 2013, 00:00 2 031 рет қаралды
Еңбек еткілері келеді... Басқа жаңалықтар

Еңбек еткілері келеді...

2012 жылдың желтоқсаны мен биылғы жылдың желтоқсаны аралығында халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған тобынан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын жақсарту саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың жобаларын қолдау бағдарламасының аясында «Бота» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ «Еңбекке қабілетті» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. 10 қазан 2013, 00:00 2 137 рет қаралды
Алысқа барудың қажеті жоқ Басқа жаңалықтар

Алысқа барудың қажеті жоқ

Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр селосының тұрғындарына «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК мен «Қазпошта» АҚ-ның бірлескен пилоттық жобасы шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары басталды. 10 қазан 2013, 00:00 2 099 рет қаралды
Жарайсың, Леңгір! Басқа жаңалықтар

Жарайсың, Леңгір!

Бішкекте ТМД елдерінің кедендік кинология қызметтерінің арасында көпсайыс бойынша ІІ турнир өтті. Атырау кедендік баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық сайысушылар жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға ие болып отыр.  10 қазан 2013, 00:00 1 663 рет қаралды
«Барыстар» маусымды Прибалтикада бастайды Спорт

«Барыстар» маусымды Прибалтикада бастайды

Облыстық «Барыстар» баскетбол командасының кезекті маусымы басталды. 3 қазанда команда Балтық Лигасына қатысу үшін Прибалтикаға кетті. 13 қазанда «Атырау» ДСК-нде ақтаулық «Каспий» командасымен Ұлттық баскетбол лигасының алғашқы матчы өткізіледі. Бұл маусым сәтті өте ме? Біз «Барыстардың» бас бапкері Эдуард Скрипецпен сұхбаттастық. 10 қазан 2013, 00:00 3 202 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Полицияға Атырау қаласының 60 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол Азаттық даңғылы бойындағы жалдамалы пәтерде өзін 41 және 29 жастағы екі әйелдің тонап кеткеніне шағымданды. ҚІІБ-не Атырау қаласының 26 жастағы тұрғынынан шағым түсті. 6 қазанда таңғы сағат 7-де өз көлігінен құны 132 мың тұратын «Айфонды» жолаушы ұрлап кеткен екен. 9 қазан 2013, 16:09 3 664 рет қаралды
Жас ананың өлімі тергелуде Басқа жаңалықтар

Жас ананың өлімі тергелуде

Атырау қалалық прокуратурасы Алмагүл ықшам ауданында орналасқан қалалық перзентханада босанған ананың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «АЖ»-ға қала прокурорының міндетін уақытша атқарушы Руслан АБИРОВ хабарлады. 8 қазан 2013, 15:38 7 051 рет қаралды
ККЖ: no comment Басқа жаңалықтар

ККЖ: no comment

Теңізшевройлға Теңіз кенішіндегі құны 23 млрд доллар болатын Келешек кеңею жобасын (ККЖ) бекітті. Бұл туралы өткен аптада «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ Алматыда өткен баспасөз конференциясында хабарлады. 8 қазан 2013, 11:40 3 087 рет қаралды
Оң жағалауға жаңа газ құбыры тартылады Басқа жаңалықтар

Оң жағалауға жаңа газ құбыры тартылады

Келесі аптада қаланың оң жақ бөлігін жоғары қысымды жаңа газ магистраліне қосады. Бұрын хабарлағанымыздай, осыған байланысты 9 қазан күні таңғы 8-ден 10 қазан күнгі кешкі 20-сағатқа дейін оң жақ жағалауда газ беру тоқтатылады («Оң жақ жағалауға газ беру тоқтатылады» жарияланымын қараңыз). 7 қазан 2013, 15:24 4 266 рет қаралды