Атырау, 26 қараша 16:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кембридж 15 қаңтарға дейін күтуді өтінді

1 469 просмотра

Қашағандағы құбыр желілерін зерттеу нәтижелері қаңтардың ортасында белгілі болады.

«Құбырларға зертханалық зерттеу Кембридждегі (Ұлыбритания) дәнекерлеу институтында жүріп жатыр, - деп хабарлады «АЖ»-ға NCOC-тың баспасөз қызметі. – Сынақтар нәтижесі келесі бірнеше аптаның ішінде белгілі болады».

Бұған дейін «Самұрық» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Мәлік СӘЛІМГЕРЕЕВ қашағандық құбыр желілерін зерттеудің алдын ала есеп-қисаптары 2014 жылғы қаңтардың ортасында шығады деген болатын:

«Қазіргі уақытта құбыр желісінің жер үсті учаскелеріндегі құбырларының қосылған жерлеріне герметикалық мықтылығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Құбыр ішін тазалау жұмыстары, полимерлі қырғышты жіберу бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді. Кейбір учаскелерде магнитті-ұнтақты және ультрадыбыстық дефектоскопия жүріп жатыр. Алты тексеру аяқталды және олар ағу белгілерінің жоқтығын растады».

NCOC, ақырында, Қашаған құбыр желілерінде қолданылған болат маркасын, осы құбырларды әкелген және орнатып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген компанияның атауын жариялады:

«Болаттың құрамы Х60 спецификасына сәйкес келеді. Құбырларды әр түрлі компаниялар жеткізді, солардың бірі - «Sumitomo» компаниясы (жапондық металлургия алпауыты – С.Т.). Құбырларды орнату және дәнекерлеу жұмыстарын «Saipem» компаниясы (құрамына Lancaster Group бөлімшесі - «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС -  итальяндық Saipem компаниясы кіретін бірлескен кәсіпорын – С.Т.)жүргізді», - деп жауап берді біздің ресми сауалымызға орай NCOC.

Естеріңізге салсақ, Қашағаннан Қарабатанға дейін баратын құбырлардың диаметрі – 70 см; ұзындығы – 95 шақырым.

Компания құжаттарында төтенше жағдай SSC аббревиатурасымен (құрамында сульфиді бар ортада кернеудің әсерінен жарылу) берілген.

Атырау облыстық қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау басқармасы оқиға бойынша жоспардан тыс тексеруді жалғастыруда – алауларда газды жағудан қоршаған ортаға тиетін шығындардың мөлшері бағалануда.

Қолданыс ұңғымалары тоқтатылған және күту режимінде тұр. «Болашақ» зауытындағы технологиялық жүйелер мақаттық газбен бос режимде жұмыс жасап жатыр. Мамандардың пікірінше, егер жүйені тоқтататын болса, оны екінші рет іске қосу өте қиын, тіпті, қосылмауы да мүмкін.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.