Атырау, 4 мамыр 22:04
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

2 011 просмотра

Құрманғазы ауданының Дәшін селосының маңында Атырау-Астрахань тас жолында АІІБ қызметкерлері жөнелтпе құжаттарсыз 3,5 тонна сазан тиеген «Газель» көлігін ұстады. Тасымалдаушы - Исатай ауданының 45 жастағы тұрғыны. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 183-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Қаңтардың 9-ына қараған түні Авангард 3-ші ықшамауданындағы пәтерлердің біріне белгісіз екеу кіріп кетіп, бұзақылық пиғылмен 25 жастағы пәтер қожайыны саналған әйелді соққыға жыққан. Бұзақылар пәтерден шығып кеткеннен кейін, зардап шегуші «102» қысқа нөміріне қоңырау шалып, ҚІІБ кезекшісіне қылмыскерлердің сыртқы келбетін суреттеп берген. Бақылау камераларының көмегімен полицейлер күдіктілердің – Құрманғазы ауданы тұрғындарының қай жерде екенін анықтап, оларды дереу қолға түсірді.

***

Қаңтардың 8-де кешкісін су полициясының қызметкерлері Курилкин ауылынан ВАЗ-21014 бен Фольксваген көліктерін тоқтатты. Олардың жүксалғыштарынан жалпы салмағы бір тоннадай болатын қара балық табылған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, балық «жигулидің» 23 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

***

Қаңтардың 13-де күндіз су полициясының қызметкерлері Атырауда Еркінқаланың 43 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Мицубиси Паджеро» джипін тоқтатты. Салоннан жөнелтпе құжаттарсыз 353 келі сазан табылды.

***

Қаңтардың 9-да кешкісін Балықшыда 42 жастағы әйел адамды қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан таса болды. Зардап шегуші көптеген зақымдармен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Мұрат Ақтаубаев басшылық еткен Әкімшілік полиция басқармасының іздеу бөлімінің қызметкерлері көлік пен оның жүргізушісін – 40 жастағы Атырау қаласының тұрғынын тез анықтап, ұстады.  Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

15 қаңтар 2014, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.