Атырау, 26 қараша 16:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ЖЭО қуаттылықты көбейтеді

1 858 просмотра

2014 жылы АЖЭО-на қуаттылығы 60 мегаватт болатын газ-турбина стансасы (ГТС) пайдаланылуға берілмек.

Жоба «Атырау ЖЭО» АҚ инвестициялық бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады. Оның жалпы құны 1 млрд 843 млн теңге. 2013 жылдың аяғында жоспарланған жұмыстардың жартысы жүзеге асырылды.

ГТС – бұл бу өндірмей-ақ электр қуатын жасап шығаруға мүмкіндік беретін көлік «қозғалтқышы» секілді (бірақ мол көлемде) нәрсе. Бүгінде АЖЭО 200 мегаваттай электр қуатын өндіреді. «Қарбалас кезде», таңертең сағат 6-дан 8-ге дейін және кешкісін сағат 21-ден 23-ке дейін облыстағы электр энергиясын тұтыну 60 мегаваттқа көбейеді. Екі сағат ішінде бу дайындап, бу турбиналарын іске қосу мүмкін емес. Сондықтан қазір атыраулық энергетиктер электр қуатын жүйелік оператордан – «KEGOC» «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-нан «қосымша сатып алуға» мәжбүр.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы бұйрығымен KEGOC-тың электр энергиясын тарату қызметінің тарифі 17 пайызға көбейген. Сол бұйрыққа сәйкес 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап тағы өседі. Ал ГТС-ты іске қосу жылу электр орталығына электр қуатын сырттан сатып алудан бас тартуға мүмкіндік береді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қаңтар 2014, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.