Бүгін, 15 қаңтарда, апелляциялық сот Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобы мүшелерінің ісі бойынша соттарға қарсылық білдіру және сотта қаралу өзгерістері туралы шағымдарын қанағаттандырудан бас тартты.
Адвокаттар Тагир СИСЕНБАЕВ пен Игорь ВРАНЧЕВТІҢ қорғалушы Ұлан ҚҰРАЛБАЕВТЫҢ («Мемсараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары) және басқа сотталушы тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін берілген жеке шағымдары алдын-ала тыңдау барысында қаралған еді. Сол кезде судья Гүлнәр ХАЖЕНОВА облыстың бүкіл судьялар корпусына сенімсіздік білдіру туралы және соттылығын қаралуын өзгерту туралы өтініштерді «шағымдануға болады» деген белгімен қанағаттандырмады. Бұл құқықты адвокаттар да пайдаланып, заңмен белгіленген 15 күн ішінде судьяның бұл шешіміне шағымданды.
- Бірақ Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы экс-әкімнің ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тұлғаларды айыптау жөніндегі қылмыстық істі соттылығын өзгерту үшін
ҚР Жоғарғы сотына жолдау және оны жан-жақты әрі әділ қарау мақсатында басқа сотқа беру туралы шағымдарды қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлады адвокат Вранчев.
Осылайша, 23 қаңтарға белгіленген негізгі сот отырысы бойынша алғашқы отырыс күшінде қалады, судьялар құрамы өзгертілмеді. Негізгі судья – Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Гүлмира ДӘУЛЕТОВА.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА