Атырау, 4 мамыр 14:28
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Прокурор мінген көлік ажалға себепші болды

3 104 просмотра

5 қаңтарға қараған түні Құлсары қаласында Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ көлік жүргізіп келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші алынған зақым салдарынан көз жұмды.

Облыс прокурорының орынбасары Бауыржан САУҒАБАЕВрастағандай, жол-көлік оқиғасы 5 қаңтарда Құлсары қаласындағы Нұрманов көшесінде орын алыпты. М.Ермеков Lexus ES330 көлігін жүргізіп келе жатқан. Нәтижесінде 30 жастағы С.А. алынған зақымнан қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы («Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу») бойыншақылмыстық іс қозғалды. 2014 жылдың 8 қаңтарында аудандық сот М.Ермековті қамауға алуға санкция берді. Облыс прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп, соның нәтижесі бойынша облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВТЫҢ бұйрығымен М.Ермеков лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан шығарылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қаңтар 2014, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.