Каникулда рингке шықты
Қысқы каникул кезінде жасөспірімдер арасында бокстан 2-БЖСМ біріншілігі өтті. Жарыс нәтижесінде облыстық әуесқой бокс федерациясының біріншілігіне іріктеу жүргізілді.
Өз салмақ дәрежелерінде келесілер жеңімпаз атанды: 2000-01 ж.т. – Мұрат Тәжиев, Нұрғиса Жекенов, Диас Сахиев, Илья Коновалов, Райымбек Айтболатов, Аманжан Сағынғалиұлы, Абылайхан Бітімов және Сұлтан Өтеген; 2002-03 ж.т. – Сұлтан Сарбуфин, Бекнұр Бектұрған, Жандос Қаратов, Эльдар Нұралиев, Муаз Калухаев, Бекзат Кеңесов, Абылай Рахымғалиев, Асылбек Өтемісов және Расул Ахметжанов.
***
Дебютанттар ерледі
«Спорт есірткіге қарсы» ұранымен 2001-02 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан 3-БЖСМ ашық біріншілігі өтті.
Турнирге облыстың 6 БЖСМ-інен 71 жас боксшы қатысты. Олардың көпшілігі жарыс алаңына алғаш рет шығып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар жоғары деңгейлі дайындықпен келген.
Өз салмақ дәрежелерінде Махамбет ауданынан Ерасыл Ғаниев пен Иманғали Қосжанов; Исатай ауданынан Бейбарыс Зайыр, Аманжол Бекболатұлы, Данияр Нұрымов және Ерасыл Құбаханов; Мақат ауданынан Бекзат Тұрсынбаев; 3-БЖСМ-нен Әлішер Ахметов, Әлішер Қалдыбаев, Балғын Махамбетов және Қуаныш Жолдасов (Атырау қ.); 4-БЖСМ-нен Самат Болат (Атырау қ.) жеңімпаз атанды.
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
***
Астанаға кім барады?
Мұнай және газ институтының спорт залында баскетболдан облыстық ІSKER-Мектеп лигасы ойындары өтіп жатыр.
1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасындағы жарыстың жеті турынан кейін №№2, 16, 34 мектеп командалары көш бастап келеді. Сондай-ақ, алдағы көктемде Астанада болатын Қазақстан мектеп лигасының финалдық кезеңіне шығуға №№11, 31 мектептердің үлкен мүмкіндігі бар.
2001-2002 ж.т. ер балалар арасында №№2, 16, 34 мектептердің баскетболшылары жақсы өнер көрсетуде. Оларға №19 мектептің және Исатай ауданы Аққыстау селосы орта мектебінің командалары бәсекелестік танытып отыр.
***
Атырау және Окинава
«Қайсар» муай-тай және дәстүрлі карате спорт клубы окинавалық годзю-рю карате-до бойынша қала біріншілігін өткізді.
Өз салмақ дәрежелерінде келесілер жеңімпаз атанды: 5 жас - Юсуф Мухтасип және Айдын Демеуов; 6-7 жас - Ильяс Амангелдиев, Файзулла Батырғали, Алина Новодворская, Илья Парфенов; 8-9 жас - Саят Амангелдиев, Қайырлыбек Жақсылық, Ұлмекен Жалғас, Батыр Жанғабылов, Сағынбек Қасан, Дамир Нұрберген, Анель Балабаева, Дмитрий Ефремчев және Асқар Мизамғали, 10-11 жас - Нұрсұлтан Қали, Руслан Жабағин, Полина Воеводина, Иманғали Нұрлан және Абай Туекенов; 12-13 жас - Қаламғали Сәдуақасов, Николай Фертых, Бейбарыс Жаңбыр және Диас Қалиев; 14-15 жас - Нұрсұлу Кенганова, Руслан Есқалиев, Эльдар Бердиев, Тимур Досалиев және Нұрсұлтан Жүсіпәлі; ересектер - Жасұлан Төлегенов, абсолюттік салмақ - Альмир Исатай.
***
Гаухарға ешкім тең келмеді
Қысқы каникул кезінде №33 мектепте тоғызқұмалақтан мектеп біріншілігі өтті.
14 жас санатында республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері Гаухар Құдайберген жеңіске жетті. Басқа да нәтижелер: 8 жас – Ақнұр Бағытова, 10 жас – Сандуғаш Құсайынова, 12 жас – Гүлстан Косшығұлова. Үздік ойындары үшін мектеп директоры Ж. Бапаеваның қолынан Айтолқын Мырзабай, Аяулым Жолдасова және Илан Рамазан арнайы дипломдар алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ