Атырау, 29 қыркүйек 14:34
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Атырауға» эмблема керек

3 026 просмотра

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі клуб эмблемасын жасау бойынша байқау жарияланатыны туралы хабарлама таратты.

«Атырау» ФК 2001 жылдан бері эмблема ретінде Атырау қаласының гербін қолданып жүр. Чемпионаттың екі рет күміс жүлдегері (2001, 2002), ел кубогын жеңіп алған (2009) команда өз фирмалық белгісіне ие болуға толық құқылы екеніне келісетін боларсыздар.

Байқауға қатысуға дизайнерлер мен суретшілер шақырылады. Қойылатын талаптар: эмблемада «Атырау» және «футбол клубы» деген жазулар, сондай-ақ, футбол добы болуы шарт; безендіруде міндетті түрде жасыл және ақ түс («Атырау» ФК-ның негізгі түстері) қолданылуы тиіс.

Жұмыстар кәсіби дизайнерлік бағдарламада жасалып, jpeg және CorelDRAW форматтарында (13-нұсқа) сақталып, сызбада әзірлеушінің байланыс деректері көрсетілуі керек. Жұмыстарды mirzagaliyev@mail.ru электронды мекенжайына жіберіңіздер. Байқау қорытындысы 2014 жылғы ақпан айының ортасында шығарылады. Ең үздік сызбаның авторы 50 мың теңге сыйақымен марапатталады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.