Атырауда таяудағы бір-екі жылда бірнеше ірі сауда орталықтары (моллдар) пайда болуы тиіс.
Turkmall (Түркия) инвестициялық және девелоперлік компаниясы өз сайтында «Форум» брендіндегі сауда орталығының жоспарланған құрылысы туралы ақпаратты жариялады (http://en.turkmalls.com/news.asp?tag=News). «Қазақстан – шетелге қаржылар салатын түрік инвесторлары үшін ұнамды орындардың бірі. Қазақстанның қолайлы инвестициялық және іскерлік климаты инвесторлар үшін мол мүмкіндіктер береді» - өз парақшасында компания осындай сипаттама берген.
Turkmall 2015 жылы Қазақстанда «бренд-микс» тұжырымдамасына жақын «Форум Алматы» және «Форум Атырау» деп аталатын бірден екі орталықтың ашылатындығын мәлімдеді. Атыраудағы қазақстандық серіктес ретінде түріктер Isker тобын атап отыр. Түркиялық серіктестің мәліметі бойынша, Атырау Форумы «100 000 шаршы метр жерде, каналдардың ортасында, қаланы әуежаймен жалғайтын жолда орналасатын болады».
Isker-ге тиесілі жер телімі Жеті Қазына ықшамауданы орналасқан ерік Мостовойдың арғы жағында кішкене көпірдің артында екені анықталды. Жалпы сауда алаңы 39 000 шаршы метрге тең, оның жартысынан сәл астамы осындай дүкендердің тұжырымдамасына сәйкес массмаркеттің брендіне берілетін болады: мәселен, Форум-Стамбулдың өзінің қазақстандық сатып алушыға танымал демократиялық Accessorize, Guess, L.C. Waikiki, Polo Garage, Zara және т.б. фирмалық бутиктері бар. Қалған 19 800 шаршы метр ритейл (бөлшек сауда) үшін резервте сақталған. Turkmall сайтында ықтимал арендаторларға алаңды резервке сақтау ұсынылған. Орталықта гипермаркет, кинотеатр, мейрамханалар мен кафе, спорт орталығы бар. Жобаны 2015 жылы аяқтау жоспарланыпты.
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ: Сауда орталығы, молл – біртұтас басқарылатын және бір ғимараттағы немесе жабық өткелмен жалғанған сауда кәсіпорындарының тобы. Turkmall – сауда орталықтары мен инвестициялық индустрияны игеру және дамыту. Chagala компаниялар тобы – тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандары. ADM Capital компаниясы Қазақстанда Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ инвесторлары болып табылатын ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund қорын басқарады.
Turkmall-дың сенімді мәлімдемесіне қарамастан, бұл жақтағы серіктесі – Isker компаниясы комментарий бермеді.
Өз сайтындағы сол хабарламада Turkmall «Форумның» «өңірдегі бірден-бір тарту орталығына» айналатындығына үміттенетіндігін білдірген. «Бірден-бір» деген сөзге келер болсақ, бұл алдағы мәселе. Өткен жылдың желтоқсанында Chagala Group компаниясы Атырауда Ideal супермаркеттер желісі операторымен «Лагуна центр» сауда орталығының құрылысы туралы келісімге қол жеткізгендігі туралы хабарлады. Бірінші дүкен Атыраудағы Chagala алаңқайында орналасатын болады: «Жалпы алаңы 2 000 шаршы метр болатын нысан – бұл Chagala Group компаниясының бірлескен кәсіпорын бойынша біздің серіктесіміз ADM Capital-мен бірлесіп жүзеге асыратын тағы бір жобасы. Жобаны 2014 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарлануда». Супермаркет жобасы аумақты дамытудың ауқымды жоспарының бірінші кезеңі болып табылады. Онда сауда алаңдары, мейрамханалар, фитнес-орталық, кинотеатрлар мен кеңсе ғимараттары орналасатын болады.
Соңғы екі жыл бойына талқыла-нып келе жатқан Қазақстанның көптеген қалаларында бар осыған ұқсас «Мега» брэндімен жасалған сауда орталығының жобасына комментарийлер ала алмадық.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА