ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД) «Атырау ЖЭО» АҚ тарифін көтеруден бас тартты.
АЖЭО 2013 жылдың 19 желтоқсанында «азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін қорғау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде» деген түсіндірмемен ТМРАД-қа жылу энергиясын өндіру және жабдықтау жөніндегі тарифті көтеру өтінішімен шыққан еді.
ЖЭО басшылығы жылу тарифін1 пайызға көтеруді ұсынды. ЖЭО «төтенше шараларды» енгізуге «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның табиғи газ тасымалдау қызметінің тарифі 1000 текше метр үшін 223-тен 1 380 теңгеге дейін, яғни, 6 есеге қымбаттағандығын себеп ретінде атады.
ТМРАД басшысы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА былай деп хабарлады: «Департамент Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері тарифтерінің және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінің 16-тармағына сәйкес («Тарифтердің шекті деңгейін қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алудың негізінде жүзеге асырылады») құжаттарды ұсынбауы себепті «Атырау ЖЭО» АҚ-ның өтінішін қабылдаудан бас тартты. Бұдан басқа, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның магистральды газ құбырымен табиғи газды тасымалдау жөніндегі қызмет тарифінің өсуі азаматтардың өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне, сонымен қатар қоршаған орта үшін қауіпті болып табылмайды».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ