10 қаңтарда 22 сағат 17 минутта Атырау қаласының ҚІІБ-нің кезекші бөліміне жаяу жүргінші көпірінен бір адамның секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, оқиға болған жерге барған полиция жасағы көпір түбіндегі мұздан көптеген жарақаттар алған жас қызды тапты.
Ол жедел жәрдемқызметінің көлігі арқылы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Зардап шегушінің жағдайы тұрақталған соң,одан жауап алынды. 19 жастағы қыз Махамбет ауданының тумасы екен, Атырауда уақытша тұрып жатқан көрінеді. Ол мұндай қадамға баруға не түрткі болғанын айтпады.
11 қаңтарда біз облыстық аурухананың травматологтарымен байланысқа шықтық. Олардың айтуларынша, пациенттің жағдайы ауыр, бұрынғыша жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жамбас сүйектері көп жеріненсынған екен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ