Атырау, 5 мамыр 00:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ауыл ұрылары қаладан ұсталды

2 473 просмотра

Көрнекі суретКөрнекі суретҚызылқоға ауданының АІІБ-не кәсіпкерден шағым түсті. 7 қаңтарға қараған түні Миялы селосындағы оның дүкенінен жалпы сомасы 2 млн теңге болатын ұялы телефондар мен зергерлік бұйымдар қолды болыпты.

Екі күдікті де Миялы тұрғындары, олар 9 қаңтарда Атырауда ұсталды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Ұсталғандар мойындау жауаптарын беріп, олардан заттай айғақтар алынды. Жауап алу кезінде олар ұрлық болғаннан кейін келесі күні облыс орталығына келіп, зергерлік бұйымдарды ломбардтарға тапсырғандарын айтып берді. Ұрланған 52 ұялы телефонды олар өткізіп үлгермеген. ҚР ҚК-нің 175-бабының 3-тармағының «б»-тармақшасы («Ірі мөлшерде жасалған ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де кәмелетке толмағандықтан, олар сотқа дейін басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

10 қаңтар 2014, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.