Атырау, 4 мамыр 11:16
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Миллион доллар салықтан жалтарған

3 410 просмотра

Айбат СҮЛЕЙМЕНОВ. Фотосурет: season.kzАйбат СҮЛЕЙМЕНОВ. Фотосурет: season.kzҚаржы полициясы «СнабОйлСтрой» ЖШС-не қатысты 160 млн теңгедей мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы туралы хабарлама таратты.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, Атырау облысы бойынша  қаржы полициясына Атырау қалалық салық басқармасынан «СнабОйлСтрой» ЖШС-нің қызметін салық бойынша кешенді тексеру актісі түскен. Тексеру жұмыстары 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта кәсіпорынның салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған деректерді енгізу арқылы жалпы сомасы 159,9 млн теңге салық төлемдерін төлеуден жалтарғандығын анықтады.

2013 жылдың 28 желтоқсанында қаржы полициясының департаменті ЖШС-нің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 222-бабының 1-тармағы («Ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Хабарламада бұл істің облыстың экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА қатысты қозғалған қылмыстық іспен байланысы жоқтығы атап өтілген. Формальды түрде бұл іс шынымен де бір-бірімен байланысты емес: облыстың бұрынғы басшылығы негізінен мемлекеттік ақшалай қаржылар мен мүліктерді ұрлады деп айыпталды. Ал бұл жерде әңгіме жеке ЖШС-нің салықтарды төлеуден жалтаруы туралы болып отыр.

Бұл кәсіпорынның бұрынғы әкімнің тұсында үнемі тиімді тендерлердің жеңімпазы болып келгенін, ал баспасөз хабарламасында аталмаған «СнабОйлСтройдың» қожайыны Айбат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ қаржы полициясы осыдан жарты жыл бұрын, 2013 жылдың маусымында іздеу жариялағанын еске сала кеткен жөн. Сол хабарламада ағайынды Рысқалиевтар бастаған 13 қашқын ҚК-тің бір бабымен – 176-баптың 3-тармағының «б» тармақшасы (аса ірі мөлшерде ұрлық жасау) бойынша айыпталған еді. Бой тасалаған фирма директорларының көпшілігінің жеке бухгалтерияны жүргізуі неғайбыл, демек салық төлеуден жалтару бойынша әлі де қылмыстық істер қозғалмақ. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қаңтар 2014, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.