Атырау, 19 қазан 18:10
 дождьВ Атырау +22.5
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Ораза айт пен Құрбан айт: 2027 жылғы діни мерекелер мерзімі белгіленді

106 рет қаралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған бекітілген діни күндер мен мерекелер күнтізбесін жариялады.

Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2027 жылғы 8 ақпанда басталады. Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге келеді.

Ораза айт мерекесі 9 наурызда өтеді.

Зүл-хижжа айы 7 мамырда басталады. Арапа күні 15 мамырға, ал Құрбан айттың бірінші күні 16 мамырға түсіп тұр. Мерекенің екінші және үшінші күндері тиісінше 17 және 18 мамырда өтеді.

Бұдан бөлек, күнтізбеде басқа да маңызды даталар көрсетілген: Бараат түні — 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түн, Ашура күні — 15 маусым, Мәуліт мерекесі — 14 тамыздан 15 тамызға қараған түн. Жыл басындағы Миғраж түні 4 қаңтардан 5 қаңтарға қараған түнге келеді, ал келесісі — 24 желтоқсаннан 25 желтоқсанға қараған түн.

ҚМДБ хижра бойынша айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеулерді ескере отырып белгіленетінін нақтылады. Бұл ретте діни мерекелердің мерзімдері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ауысуы мүмкін.


Бүгін, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.