Атырау, 21 маусым 12:44
 бұлттыВ Атырау +21
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Теңіз бен өзендегі балық түсімі

2 995 рет қаралды

Балықшылар облыс өзендері мен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде өткізген көктем және күзгі балық аулау маусымдарының қорытындысын шығарды.

Жайық өзені бойынша көктемгі және күзгі маусымдарда ауланған балықтың жиынтық мөлшері 3 мың 595 тоннаны құрады, бұл 2013 жылға бөлінген лимиттің 54,4%-ы. Ол түсінікті де, балық жоқ. Қиғаш өзенінде де осындай жағдай – 3 мың 202 тонна (лимиттің 52,3%-ы). Өзеннен балық аулау бойынша «Амангелді» ӨК мен «СевКаспийФиш» ЖШС алдыңғы орында, олар, сәйкесінше, лимиттің 83,8% және 72,1%-ын орындады.

Теңізде жыл ішінде барлығы 7 мың 181 тонна балық ауланды, яғни лимиттің 71,6%-ы орындалды. Мұнда «Тілекші» және «Амангелді» өндірістік кооперативтері көш бастап тұр: олар теңізден балық аулау лимитін  99% және 96%-ға орындады.

Мұнда тек қара балық мөлшері көрсетілген, қызыл балық аулауға заңмен тыйым салынған.

2013 жылы балық аулау артельдерінен биоресурстарды пайдаланғандары үшін бюджетке 234 млн салық түсті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.