Атырау, 27 қазан 03:49
 дождьВ Атырау +7.3
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Тауыс ұрланды

16 064 рет қаралды

Қаңтардың 6-ына қараған түні Құлсары қаласындағы коттедждердің бірінің ауласынан тауыс пен оның балапаны ұрланып кетті.

51 жастағы үй қожайыны бірден полицияға хабарлап, нәтижесінде экзотикалық құстарға әуес ұры – 22 жастағы Құлсары тұрғыны ізі суымай ұсталды. Заттай айғақтар (ұйпа-тұйпасы шыққан құстар, бірақ тірі) тәркіленіп алынды.

Ғаламторда тауыстардың сатылатындығы туралы хабарландыру жетерлік. Бұл құстар біздің климатымызда жақсы көбейеді және балапандарына өзі күтім жасайды екен. Ересек тауыстың құны – 600-700 доллар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қаңтар 2014, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.