Атырау, 26 қараша 16:40
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тұрба тексерілді, ал құпия ашылмады

1 946 просмотра

Диагностикалық құбырішілік құрал. Фотосурет: NCOCДиагностикалық құбырішілік құрал. Фотосурет: NCOCГаз құбырын «диагностикалық құбырішілік құралмен» (intelligent pig) тексеру жұмыстары аяқталды. Алынған мәліметтер зерттеліп, талдау жұмыстары жүргізілу үстінде. Қорытындылар 2014 жылдың басында шығады деп күтілуде. Бұл туралы 8 қаңтарда NCOC баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, оқиғаны тексеруге байланысты Консорциумның ағымдағы ахуалы туралы ақпаратта былай делінген: «Бұған дейін айтылғандай, кемудің басты себебі - қысым әсерінен сульфидтердің шытынауынан болғаны анықталды. Қазіргі таңда сульфидтердің әсерінен шытынау себебі талдануда. Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған кейбір пікірлерге жауап ретінде Оператор газ гидратының пайда болуы ешбір жағдайда сульфидтердің әсерінен шытынауға әкеліп соқтыра алмайтынын мәлімдейді. Гидраттар табиғи газ сумен байланысқа түскен жағдайда түзіледі және судың қату нүктесінен жоғары температураларда қатып қалады. Бұл газ тасымалдаушы құбырлардың бір бөлігін немесетолықтай тығындауға әкеліп соғуы ықтимал. Сульфидтердің әсерінен шытынау гидраттың пайда болуына байланысты болуы не содан туындауы мүмкін емес. Бұған қоса Оператор Қашаған кен орнындағы өндірістік нысандарда қазірге дейін гидраттардың пайда болуы орын алмағанын мәлімдейді.

Күмән тудыратын әрбір кемуді / ақауды растау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мақсатта жер қазу жұмыстары мен, қажет деп табылған жағдайда, құбыр жіктерін қазып шығару жұмыстары қолға алынды. БАҚ-тарда бұған дейін ақауға қатысты жарияланған материалдар ешбір шындыққа жанаспайды.

Қазіргі таңда құбырлар «диагностикалық құбырішілік снаряд» деп аталатын құрылғымен тексерілуде, жұмыстар жоспарға сәйкес өтуде. Күкіртті құбырда бұл жұмыс аяқталды, қазір алынған деректер талданып, оларды интерпретациялау жүргізіліп жатыр. Бұдан бұрынхабарлағанымыздай, интерпретациялау қорытындылары 2014 жылдың басында дайын болады деп күтілуде. Бұл қорытындылар Қазақстан Республикасының құзырлы органдарына тиісті түрде тапсырылатын есептерде көрініс табатын болады. Қазір мұнай құбырына инспекция жүргізу бойынша дайындық шараларына ден қойылуда.

Зертханалық талдау мен құбырдан алынған сынамаларды кәдеге жарата отырып өндірістік ортаны имитациялау нәтижесінде құбырдың сипаттары Қашаған кен орны шарттарында пайдалануға жатады деп ұйғарым жасалды. Техникалық сипаттары толығымен NACE (Тотығу жөніндегі инженер-мамандардың ұлттық ассоциациясы) стандарттарына, ISO салалық стандарттарына, сонымен қатар мұнай кен орындарын пайдаланудың ең үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес келеді. Бұған дейін айтылғандай, күкіртті құбыр жоғары көлемдегі H2S мен суды есепке ала отырып арнайы жобаланған.

Оператор өндірісті қауіпсіз іске қосу мақсатында технологиялық сценарийлерді алдын-ала талқылауларды бастады. Сценарийлер көп ретте деректерді интерпретациялауға, сонымен бірге бірқатар басқа факторларға тәуелді болады. Бұл ретте, Оператордың пікірінше, кейбір БАҚ-тарда жарияланған мерзімдер ешбір дәйекпен дәлелденбеген дақпырт болып табылады және Консорциумның шын мәніндегі жоспарлары мен ниетін көрсетпейді. »

Диагностикалық құбырішілік құрал жөніндегі мәлімет НСОС-тың сайтында орналасқан. Құрал шытынаулар мен соған ұқсас ақауларды, оның ішінде қысымды ортада сульфидті коррозиялық шытынау салдарынан орын алған ақауларды анықтауға көмектеседі және құбырдың қабырға қалыңдығын өлшейді. Құралды Қазақстанға «Weatherford» компаниясы бұған дейін қолданыста болған жері – Баренц теңізінен жеткізген. Қазіргі таңда құрал Dаралында тұр.

Құбырішілік диагностикалық құрал газ құбырының 96 км құрайтын учаскесін толықтай тексеріп шықты. Газ құбырын тексеріп болғаннан кейін Консорциум алдын алу шарасы ретінде дәл осы құралды D аралынан жерүсті кешеніне дейін тартылған мұнай құбырын тексеру үшін қолданатын болады.

Біз кеңес алуға жүгінген құбыр жөніндегі сарапшы (әрине, құпиялылық шартымен) айтқандай, егер бәрі осы айтқандай жақсы болса, онда сульфидті шытынау орын алмауы тиіс екен: «Егер шытынау шынымен де сульфидтік сипатта болған болса, онда бұл екі себептің бірінен туындауы мүмкін: тасымалданатын мұнайда (газда) сульфидтер құрамы техникалық тапсырмада көрсетілген мөлшерден көп; немесе таңдалған құбыр материалы сульфидтердің осы құрамы үшін жарамсыз».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

8 қаңтар 2014, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.