31 желтоқсанда сағат 20-да Атырауда Халелов көшесінің бойындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Үйді толықтай жалын шарпыпты.
Осы мекен-жай бойынша ерлі-зайыпты қарт адамдар тұрған екен. Өрт сөндірушілер өртті сөндіргеннен кейін қараңғыда күл арасынан ешкімнің мүрдесі табылмады. Қарттар үйлерінде болмай, Жаңа жылды мерекелеуге кеткен шығар деген үміт пайда болған еді. Алайда ертеңгісін күл арасынан қатты күйген екі мүрде табылды. Оларды сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ