Атырау, 4 мамыр 23:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

«Бұл үлкен күнә»

2 171 просмотра

31 желтоқсанға қараған түні белгісіз біреулер орталық мешіттің ауласында орналасқан діни бұйымдар дүңгіршегінің терезесін сындырып кіріп, Құран кітабының бірнеше данасын ұрлап кеткен.

Бұл үлкен күнә. Ұрылар қасиетті кітаптан өзге ештеңеге тимеген, - дейді облыстың бас имамы Батыржан МАНСҰРОВ. – Мен осы лауазымға өткен жылдың соңында тағайындалдым. Маған дейін осы дүңгіршектен екі ұрлық жасалғанын айтты. Енді біз оның орнын ауыстырып, оны мешітке «Ренессанс» отелі жақтан кіретін есік маңына қоймақпыз. Ол жерде кісі көп жүреді.

ҚІІБ криминалдық полиция басшысының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қаңтар 2014, 19:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.