Атырау, 26 қараша 16:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ағылшын «көмбесі»

1 972 просмотра

Доссор поселкесінің тұрғындары үй ішінен мұнайға ұқсас қара дақтардың пайда болғанына алаңдаулы. 

- Қанша жыл тұрып келеміз, мұндай қара майды біздің бірінші рет көруіміз. Кәріз жүйесі жарылды дейін десек, жер үйде тұрамыз. Үйімізді жөндеп едік, қайта шықты. Тазартып, қайта майлап тастадық, -дейді Гүлжанар ЖҰБАТЫРОВА.

Төбесі биік және қабырғасының қалыңдығы жарты метрге жуық, саман кірпіштен тұрғызылған үйлерді өткен ғасырдың басында ағылшындаржұмысшыларға арнапсалған екен. 

Гүлжанардың қабырғалас көршісі де үйін жөндеуден өткізген.

- Оның бетіне балшық жағып, қанша майласақ та, дақтар қайтадан шығып жатыр. Бұрын бұл бөлме жатын орын еді, үнемі майдың иісі шыққасын, оны асүйге айналдырдық, -дейді Света ЖАНҒАЛИЕВА.

Поселкенің басқа үйлерінде мұндай дақтар жоқ. Тұрғындар бұл қара май мұнай болуы мүмкін деп топшылауда. Себебі, иісі соған ұқсас екен.

- Ертеректе қарттардан ағылшындар 60-қа жуық ұңғыны Доссордан қазыпты дегенді естігенім бар. Кейін аттың қылын пайдаланып, құбырлардың бетін нығыздап жауып кеткен. Сол ұңғылардағы май 100 жылдан соң өзінен-өзі ашылатын көрінеді. Міне, жүз жыл енді болды. Бұл қаншалықты рас - бүгінде ешкім анық айта алмас, -дейді Мақат кентінің тұрғыны Елтай ДЮСОВ.

Доссор поселкесінің әкімі Есенғали ТӨЛЕШҚАЛИЕВТІҢ бұған қатысты өз уәжі бар:

- Кезінде ағылшындардың мұнай құбырларын жүргізгені рас. Ол кейін басқа бағытпен жүргізіліп, бұрынғысы пайдаланылмастан қалды. Бұл жер үстіне шығып жатқан сол ескі құбырлардағы май болар. Сондықтан үй астынан мұнай шығып келе жатыр деуге негіз жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.