Атырау, 26 қараша 14:20
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шыршаға өрмелеп шықты (+толықтырылды)

2 546 просмотра

Фотосуретті түсірген Рано Ниғметова Фотосуретті түсірген Рано Ниғметова Жұма күні, 20 желтоқсанда Исатай мен Махамбет алаңында сарғылт түсті арнаулы жұмыс киімін киген әлдебір жас жігіт бейбіт тыныштықтың шырқын бұзды. Күтпеген жерден ол  қалалық шыршаға өрмелеп шығып, сол жерден «еңбек құқығын қорғай» бастады.

1994 жылғы жігіт өзіне «Еуразия Құрылыс» ЖШС-нің төленбеген екі айдың жалақысын бережақ екенін растады. Бұл қалалық әкімдіктің мәдениет бөлімімен келісіп, қаланы Жаңа жылға жабдықтаумен айналысатын мердігер компания болатын.

- Мәссаған! – деді өз нысанындағы мұндай әрекетке таңданған компания директоры Серік ХАЙРУЛЛИН. Ол бізде жұмыс жасамайды, мен оны бірінші рет көріп тұрмын. Біздің штатымызда 34 адам бар, оның ішінде бұл адам жоқ. Жұмысшыларымның алдында ешқандай бережағымыз жоқ және ешқашан болған да емес. Ол жерге түскен кезде мен жақындап барған едім, ол полицейлердің көзінше мені білмейтінін, менімен еңбек келісімшартын жасамағанын айтты. Бірақ «Еуразия Құрылыс» ЖШС оған екі айдың жалақысын бережақ екенін растады. Бірақ біз жұмысқа 29 қарашада кірістік, бүкіл еңбек келісімшарттары осы күні жасалды, өйткені тапсырыс берушіден ақша сол күні келіп түсті.

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт мас болыпты, бірақ оның жағдайын сараптама нақты анықтайды. Полицей жасағы қоғамдық тәртіпті бұзушыны медиктерге куәландыруға алып кетті.

Естеріңізге салсам, қаладағы бас шыршаның биіктігі 18 метрді құрайды.

Қызылқоғалық жігіт жұмыс іздеп келген екен. Сараптама жас жігіттің сау күйде екенін көрсетті. Оның өзгеше түрдегі ереуілін әкімшілік сот ұсақ бұзақылық деп таныды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 330-бабы бойынша жігіт 3 тәулікке қамалды.

Ол іс жүзінде жастықтың желігімен ақымақтық жасады ма, әлде алақол жалдаушылардың қолында ойыншық болғаны ма, белгісіз болып қалды...

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 желтоқсан 2013, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.