Атырау, 6 желтоқсан 17:27
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қамыскөлде іздеу уақытша тоқтатылды

1 889 рет қаралды

Мереке БЕГЕЖАНОВ әзірге табылған жоқ.Мереке БЕГЕЖАНОВ әзірге табылған жоқ.Құлсары қаласындағы 7 қарашада суға кеткен Мереке БЕГЕЖАНОВТЫ іздеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Жылыой ауданы судан құтқару бөлімінің бастығы Самат АБУЕВ.

Қамыскөл көліндегі мұздың қалыңдығы 4 см. Мұндай қалыңдықта іздеуді жалғастыру қауіпті, сол себепті екі күннен бері іздеу жүрген жоқ. Суда құтқарушылардың айтуынша, егер мұздың қалыңдығы 25 см-ге жетсе, ойып, сүңгуірлерді түсіруге болар еді.

Еске салсақ, жоғалып кеткендердің бірі - Мерекенің ұлы Оралбектің денесі 29 қараша күні табылған болатын. Іс жүзіндегі тәжірибеде дәйекті себептерге байланысты табылмаған адамдарды іздеу жұмыстары тоқтатылған жағдайда оларды із-түзсіз жоғалып кеткендердің тізіміне енгізеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.