19 желтоқсанда Атырау облысының энергетика жүйесінің 50 жылдығын тойлау шеңберінде «Атырау-Жарық» АҚ бас кеңсесінің холлында Нұруахит БЕКМАМБЕТОВ пен Николай НЕВЕРОВҚА арналған естелік тақталары ашылды.
Нұруахит Бижанұлы Бекмамбетов Гурьев (қазіргі Атырау) ЖЭО-ның алғашқы директоры, «Гурьевэнерго» бірлестігінің басқарушысы (1972-1986 жж.) болды. «Құрмет Белгісі» орденімен, «КСРО энергетика және электрификация үздігі» және «КСРО құрметті энергетигі» белгілерімен марапатталған.
Айта кетерлігі, Нұруахит Бижанұлы – танымал кинорежиссер әрі продюсер Тимур БЕКМАМБЕТОВТІҢ әкесі.
Николай Трофимович Неверов, «Гурьевэнерго» бірлестігін басқарған кезде (1965-1972), Гурьев ЖЭО құрылысына зор үлес қосқан. Ол Ленин, Қазан революциясы ордендерімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі «Құрмет Белгісі» орденімен және «Құрмет» орденімен, «Қазақ КСР еңбек сіңірген энергетигі» белгісімен марапатталды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ