Атырау, 26 қараша 14:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Арлан» қызметкері: Бергей Жаңаөзенге ешкімді жұмсаған жоқ

6 580 просмотра

Жақында діни экстремизмге қолдау көрсетті деп тағылған айыптан кейін біраз қалыңдаған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА қатысты қылмыстық іске белгісіз біреулер тағы бір пәлені жабыстырғысы келетін сияқты. Өткен аптада республикалық БАҚ-қа Рысқалиевтың Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген ақпарат таралды.

ҚАРУЛЫ ЖАНДАЙШАПТАР ҚАЙДА?

Бұл ақпарат бүгін шыққан дақпырт емес, оның әлеуметтік желілерді шарлап жүргеніне де бірталай болды. Міне, сол қайғылы оқиғадан тағы бір кезекті жыл өткеннен кейін жаңа интернет-ресурстағы әріптестеріміз бұл мәселені тағы бір көтерді. Бұл 2012 жылғы тамызда, Бергейдің отставкаға кеткен күнінде «стрингерлермен қаруланған» Рысқалиевтар бандиттерін көрдік деген сияқты қорқынышты аңыздардың кезекті сериясы болса керек. Сот процесі қарсаңында бас фигурантты әзірейілге айналдыру үдерісі жүріп жатқан сияқты және бұдан кейбір ойлар туындайды.

Мүмкін, Рысқалиевтың қылмыстық ісінде кездейсоқ өзгерістер пайда болды ма немесе біреудің араласуымен бұзылып та жатыр ма? Мүмкін, істі сақтап қалу үшін процесс айналасында у-шуды тоқтатпау мақсатында жоғарыдағы адамдарға тағы да «қан» керек болды ма? Ең алдымен діни экстремизмге қатысы бар деп айыптау қолданылса, енді, міне, Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген жала жабуда. Алайда бұл айыптаулар ақылға сыйыңқырамай тұр. Діни экстремизмге қатысы бар деген айыптаудың сәйкессіздігі туралы «АЖ» өзінің өткен нөмірінде жариялаған болатынЭкс-әкім лаңкестікке қолдау көрсеткен бе?»).

 

БӨТЕН АДАМДАР МҰНДА ЖҮРМЕЙДІ

Рысқалиевтың Жаңаөзенде болған тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген пікірлер де көптеген сұрақтар мен күмән туғызады. Мұндай «арнайы операцияларды» ол соттарды, прокуратураны, қаржы полициясын өз қолында ұстаған, чекистер қадағалаушы ретінде ғана жүрген Атырауда оп-оңай жасай алар еді. Алайда өзінің «спортшы»-арандатушы командасын көрші облысқа, қақтығыстар қызып тұрған Жаңаөзенге жіберіп, жергілікті мұнайшылардың арасына сіңісіп, берекетсіздіктер ұйымдастырыңдар деп пәрмен беруге батылы бармас еді. Бұл батыс өңірінің өзіндік ерекшеліктерінен хабары жоқ адамдардың қиялы десе де болады.Маңғыстау мұнайында ағайынды Рысқалиевтардың еш мүдделері болған жоқ, сонымен қатар ол жақта ешқандай әкімшілік тетіктері де, жергілікті кландармен, кәсіподақтар және ереуілдеушілермен еш байланысы болған емес. Жаңаөзенде адамдар бір-бірін беттерінен таниды. Бұл жақтың халқы бәрін біледі - кім ереуілге шықты, кім наразылықтан бас тартып, жұмысын жалғастырды, бәрі қара тізімде. Мұндай жағдайда сырттан «белгісіз бір күштердің» пайда болуы туралы хабар қала ішінде тез тарап кетер еді. Бұл жергілікті құқыққорғау органдары мен ¦ҚҚ жұмыстарына да қатысты - олар күн сайын ахуалды жіті қадағалап отырды, өйткені жаңаөзендіктерге оппозиция көшбасшылары жиі келіп, Әбілязовтың мәлімдемелері жазылған үнпарақтар таратылып тұрды емес пе?

 

БЕРГЕЙДІҢ БЕЙБІТ ШЕРУІ

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерден кейін Рысқалиев іле-шала не істеді? Ол аязы қарып тұрған желтоқсан ортасында Исатай-Махамбет алаңына бюджет қызметкерлерін, студенттерді және мұнайшыларды жинап, бүрсеңдетіп, жергілікті жұртшылықтың митингісін ұйымдастырды. Оларға қашан да президент саясатын қолдау керек деген жолдау оқылды, бірнеше саналы атыраулық тәуелсіздіктің мерейтойын бұзған көршілеріне наразылық білдірді Атырау алаңындағы шұғыл митинг»). «ҚазМұнайГаз» кәсіпорындарында полицейлер мен комитетшілер кезекшілікте тұрды, абдырап қалған мұнайшы-ларға түсінік жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, екі жылдан бері ел арасында тағылып жүрген бұл айыптаулардың бір шеті бұрынғы қолдаушысы - Аслан МУСИНГЕ де тиетіні айдан анық. Алайда, кешірерсіздер, бұл біреудің тапсырысына ғана ұқсайды. Президент әкімшілігінің құдіретті басшысына қайдағы бір қиырдағы шағын қалада берекетсіздік туғызып не керек?

 

АЙҚАЙ-ШУДЫ КІМ КӨТЕРДІ?

Шамасы, еліміздің көптеген журналистеріне де маған жіберілген секілді, осы оқиға қарсаңында электронды жіберіліммен поштаға: «Ертең алаңға шығамыз, президенттің отставкаға кетуін талап етеміз» деген үндеухат келген шығар. Ол кезде мұның бәрі осындай жағдайға ұласатынын кім білген...

Осы қайғылы оқиға алдында да, кейіннен де өз туған өлкелері - Маңғыстау облысындағы ахуалды жақсы білетін адамдармен сөйлестім. Қара киімдегі арандатушылар мен джиптермен жүрген белгісіз адамдар - ҚМГ-дан өз нәпақаларын жеп отырған жергілікті мұнайшы кландарының адамдары, олар Өзенмұнайгаздың басшылығын түсіруге мүдделі еді. Бір жағынан Астананы қорқытып, мұнай саласындағы басқарушы лауазымдарға өз адамдарын отырғызды.

Бұл кландардың не нәрсеге қол жеткізгенін білмеймін, алайда олардың деңгейі үшін бұл өте нәзік әрі қауіпті ойын. «Арлан» Атырау арнайы жасағының қызметкері айтқан болжам анағұрлым қисынды және нақты секілді. Редакцияда офицердің есімі мен ол туралы басқа да мәліметтер бар. Ол былай дейді:

- ІІМ бұйрығы бойынша бізді сол жерге тікұшақпен және ұшақпен жеткізді. Жаңа жылды да сол жерден қарсы алдық, топтар да ауысып отырды. Егжей-тегжейлі айта алмаймын. Бұл кімге тиімді болды, араққа тойдырған кімдер, полицейлерге шабуыл жасаушыларды қаншаға сатып алғанын білу – бұл полицейлердің шаруасы. Біз іс жүзінде тек сарбазбыз, содан соң сіз секілді біз де кімнің және не үшін ол жаққа барғандығын, бар жайды сот репортаждарынан білдік. Ешкімді даттап немесе ақтап алғым келмейді, бірақ бүлікшілер арасында бірде-бір атыраулықтар немесе басқа облыс тұрғындары жоқ. Ол жерге Бергей ешкімді жіберген жоқ, ол жақта тек жергілікті тұрғындар ғана болды. 

Азамат МАЙТАНОВ

18 желтоқсан 2013, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.