Тәуелсіздік күні қарсаңында президент жылдағы дәстүр бойынша мемлекеттік сыйлықтар мен атақтарды тапсырды. Көптеген марапатталғандардың арасында "Ақ-Жайық.kz»" жорналының бас редакторы да (әкімдік газетінің www.pricom.kz сайтындағы ресми хабарламада атауы дефиспен және нүктемен қате белгіленіп көрсетілген) "Парасат" орденіне ие болды.
Адамдардың құттықтап телефон шалып, "Сіздерде редактор ауысты ма?" деп сұрақ қойғанынан кейін, бір жаңылыстың болғаны түсінікті болды. Сондықтан да орден алған Рахымжан ОТАРБАЕВ(«Ақ Жайық kz - Бергейден сәлем» және"Бергей туралы қаңқу сөзге емес, көрген көзіме сенемін" мақалаларын қараңыз) әзірге біздің газетіміздің редакторы еместігін түсіндіруге мәжбүр болып отырмын. Оның жазушылық талантын (сондай-ақ, досым, жас күнінде "Қазақфильм" үшін екі фильмге сценарий жазған, "АЖ" редакторы Сабыр ҚАЙЫРХАНОВТЫҢ да қабілетін) мойындай отырып, жалғыз ғана нөмірі облыстық әкімдікте таныстырылған жорналдың редакторы ретінде Отарбаевты марапатқа ұсынуды шенеуніктердің үлкен қателігі деп есептеймін. Басқа кез келген мәртебеде марапаттасын, еш қарсылығым жоқ. Бұл жерде біздің Мәдениет және ақпарат министрлігіне шағымданғанымызға қарамастан, көпжылдық басылымымыздың атауын (Әділет министрлігінде тауар белгісі ретінде тіркелген) клондау арқылы БАҚ туралы заңды өрескел бұзушылықты көріп отырмыз. Ол енді, міне, президент жарлығынан да көрініс тапты.
Әбділдә МҰҚАШЕВ, "Ақ Жайық" ЖШС-нің төрағасы
P.S.: 16 желтоқсан күні кешке ҚР Президентінің www.akorda.kz ресми сайтында «Мемлекеттік наградалар тапсыру» материалында «… «Ақ-Жайық» газетінің бас редакторы Отарбаев Р.» деп әлі жазулы тұр. 14 желтоқсан күні жарияланған мақаланы көптеген веб-сайттар таратып үлгерді, Жарлықтың өзінің мәтіні әзірге табылған жоқ.
P.P.S.: Мереке аяқталды, 19 желтоқсан, ал қате әлі түзетілмеген күйінде тұр. Бұл енді күлетін жағдай емес. Түзету енгізуін және кешірім өтінулерін күтеміз.