Атырау, 26 қараша 14:35
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аудан жаңалықтары

3 111 просмотра

«Трансформатор түбімізге жетті»

Мақат кентінің бірнеше тұрғынының тұрмыстық заттары токтың тұйықталуы салдарынан өртеніп кетті. Енді олар трансформаторлардың қазіргі иесін іздеуде.   

- Бұған дейін балансқа алушы сан өзгерген. Біресе жергілікті әкімшілік, кейін «ҚазТрансГаз» АҚ алған. Негізі трансформатордың иесі «Атырау-Жарық» АҚ болуы керек қой. Токпен қамтамасыз ететін солар. Сондықтан токтан зардап шеккен тұрғындар оларды сотқа беру арқылы шығындарын өндіріп ала алады, -дейді аудандық тұрғын үй-шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Аслан ҚОСМАҒАМБЕТОВ.

***

 

Газеттің тойы

Аудандық «Кең Жылой» газеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Кезінде мың таралыммен ғана басылған газеттің бүгінгі оқырманы 9 мың адамға жеткен.

 

***

Баспана сыйы

Жаңа жылдан бастап Мақат кентінде екі пәтерлік 23 үй пайдаланылуға берілмек.

Бұл үйлердің құрылысына қаржылай демеуші болған – «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ, ал мердігері - «КОССК» ЖШС.

Тағы да бюджеттің көмегімен он үй тұрғызылады деп жоспарлануда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.