Қала базарларында маусымдық күлтелі жасыл тауарлар – тірі шыршалар мен қарағайлар пайда болды.
Алайда оларды тірі деп тек шартты түрде ғана атауға болады, бұлар жаңадан кесілген, өкінішке орай, күндері санаулы қылқанжапырақтылар. Жақында қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қылқан жапырақтыларды сатуға тыйым салуы тауар түрлеріне өз әсерін тигізіпті: қарағайлар көп, шыршалар аз және олар саудагерлердің көбінде жоқ. Бағалары да, тиісінше, бұрынғыдан екі есе жоғары – 7-8 мың теңге. Қарағайдың бағасы аса қымбат емес – 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Барлық жасыл тауарлар бізге Пермьнен, Саратовтан, Курганнан әкелінген...
Естеріңізге салсақ, біздің еліміздің жалпы алаңының 8-10 пайызын ғана алып жатқан ормандардың кесіліп жатқанына алаңдаушылық білдірген қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазақстандықтарға тірі шыршадан бас тартып, пластик түрлеріне көшуге кеңес берген еді. Қараша айында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақстанда дайындалған шыршаларды өткізуге шектеу қою туралы бастамасы таратылды. Бұл тыйым импортты тауарларға қатысты емес. Браконьерлік жолмен шабуға санкциялар енгізілді. Кесілген ағаштардың санына қарай айыппұлдар салынып, тіпті, қылмыстық жауапкершілік те жүктеледі.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Cуретті түсірген автор