Атырау, 26 қараша 14:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сотты болса да, ұстаздық еткен

2 200 просмотра

Қызылқоға аудандық прокуратурасы 60-қа жуық маманның сотты болғандығына қарамастан жұмысқа қабылданғанын анықтады.

Қызылқоға ауданы прокуроры аға көмекшісінің міндетін атқарушы Асхат МУРЗАГАЛИЕВТЫҢ айтуынша, тексеру барысында аудандағы 13 жалпы білім беретін мектеп, 4 бастауыш мектеп, 3 саз мектебі, Миялы балалар өнер мектебі және дене шынықтыру сауықтыру кешені,  Қызылқоға балалар жасөспірімдер спорт мектебі, сондай-ақ, Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің қызметкерлерінің  (барлығы - 1 731) ішінде 32-сіне қатысты бұрын қылмыстық істің қозғалғандығы және 26 қызметкердің әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша жауапқа тартылғандығы анықталған.

Мәселен, аудандық білім беру мекемелерінің бірінің басшысы міндетін атқарған тұлға осы жылдың 3 маусымы күні соттылығы тексерілместен, жұмысқа алынған. Ал ол Атырау қалалық сотының 2007 жылғы 27 сәуірі күнгі үкімімен ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а» және «в» тармақтарымен («Тонау») 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. 

Заңсыз бұйрыққа наразылық келтіріліп, қанағаттандырылды.

Айнұр САПАРОВА

19 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.