Атырау, 6 қараша 11:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Сәби «Нивамен» бірге суға батты

19-шы қаңтарға қараған түні «Нива» автокөлігі мұз астына түсіп кеткен. 6 жасар сәби көз жұмып, ал ересектер аман қалған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ хабарлауынша, қайғылы оқиға Мечников-Баймұханов көпірінің маңында орын алған.  20 қаңтар 2011, 00:00 3 277 просмотра
Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады Мәдениет

Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады

Басқа‑басқа башаймен де күй тартатын Құралбек деген жігіт Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосында тұрады дегенде елең еткенім бар. Күй десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма!? Құралбекті әдейі ат арытып іздеп бардым. 20 қаңтар 2011, 00:00 8 760 просмотра
Қоғам

«Атырау-Жарық» АҚ: «Маржан» сән үйі кінәлі емес, кінә - үйдің жарық желілерінде болуы керек

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірінде біз Сәтбаев көшесіндегі №5 үйдің 9-подъезіндегі пәтерлерге су келіп тұрған краннан ток тартып тұрғандығы жөнінде жазған болатынбыз («Жайық самалы», №2, 13-қаңтар, «Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр»). 20 қаңтар 2011, 00:00 4 589 просмотра
Экология

МАХАМБЕТ ХӘКІМОВ:КАСПИЙДІ АПАТТАН СОҢ ЕМЕС, ОҒАН ДЕЙІН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!»

Өткен аптада «Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымы әдеттегідей жылдық есеп беру жиылысн өткізді. Шынын айту керек, бұл аймақтағы ешкімнен грант алмайтын және сұрамайтын да жалғыз тәуелсіз ұйым. Сонда  ол кім үшін есеп беріп жатыр? Шамасы бұл экологтың аймақ тұрғындары бастарына төніп тұрған экологиялық ахуалдан үнемі хабардар болсын деген пиғылынан туған болар деп топшылаймын. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 855 просмотра
«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын» Спорт

«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын»

Әзірбайжандық маман Рамиз МАМЕДОВТЫҢ қолына  «Атырау» футбол клубының тізгіні тиер-тиместен, жағымсыз даудың ортасында қалып үлгерді. Таяуда әзірбайжандық сайттардың (www.azerifootball.com) бірінде бапкер Мамедовтың: «Егер мен «Атырауда» жұмыс жасайтын болсам, бұл жерде армяндар болмайтын болады» деген мәлімдемесі бар мақаланы жариялаған еді. Әңгіме өткен маусымда «Атырау» құрамына алынған армяндық шабуылшы Тигран  КАРАБАХЦЯН туралы   болды. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 953 просмотра
Қоғам

Жатақхана тұрғындары енді уәдеге сенбейді

Бірнеше жылдан бері апатты деп танылған Говоров көшесі, 12-үй мекен-жайындағы бұрынғы жатақхананың тұрғындары үйлері күреледі деп күтуде. Атыраудағы көптеген апатты үйлердің тұрғындары да осы жағдайды бастан кешіруде. Алайда осы үйдің тұрғындардына билік жаңа баспана береміз деп әлденеше рет уәде беріп, нақты мерзімдер белгілеген болатын. Уәде етілген мерзімдер өтіп кетті, алайда жаңа пәтерлер әлі жоқ.   19 қаңтар 2011, 00:00 3 370 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қала жолдарын жөндеу: бүкіл тізімді жарияласаңыздар

Облыстық әкімдікте 2011 жылғы көлік жолдары құрылысының жоспарлары талқыға салынды. Цифрларды жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ жариялады. Ол  Мақаттағы, Индербордағы, Махамбеттегі, Аққыстаудағы, Тұщықұдықтағы, Ганюшкиндегі, Қызылқоға ауданының селоларындағы поселкеішілік және селоішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 19 қаңтар 2011, 00:00 5 023 просмотра
Мәдениет

Кітапханада заң туралы жүйе бар

Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Кез-келген оқырман бұл жерден «Параграф» және «Заң-Закон» деп аталатын ақпараттық жүйелерден өздеріне қажетті материалдарды тегін ала алады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 301 просмотра
Қоғам

Сақтандырудың бірыңғай бланкісі енгізілді

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көлік құралы қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полистің бірыңғай бланкісі енгізілді. Бұл жаңалық туралы біз «НСК» сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Михаил КОРНЕВТЕН әңгімелеп беруді өтінген едік. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 161 просмотра
Ит ату да бір кәсіп Басқа жаңалықтар

Ит ату да бір кәсіп

Дәл қасымнан құлақ тұндырар оқ атылған кезде жүрегім  зырқ ете түсті. Ағаш бастарында қонақтап отырған құстар дүр етіп ұшып кетті. Оқ атылған кезде қыңсылаған дыбыс қатар шыққан еді. Ғимараттың бұрышынан айналып барып, жерде жарақатын ауырсына дәрменсіз қимылдап жатқан сарғыш жүнді итті көрдім. Сұмдық көрініс еді. Мен көзімді тарс жұмып алған едім. «Көзіңізді ашыңыз, ит өліп қалды, - деді бес секундтай уақыт өткеннен кейін аңшылардың бірі. – Сәлеметсіз бе! Мен – Юриймін. Юрий Ким». 19 қаңтар 2011, 00:00 10 629 просмотра
Сақталған картоп қоймадан шығарылды Экономика

Сақталған картоп қоймадан шығарылды

Жаңа жылдан кейін картоп Қазақстанның барлық аймағында күрт қымбаттап кетті. Жаңа жыл қарсаңында «екінші нанның» келісі 150 теңгеге дейін көтерілді. Бұл жаппай салат дайындауға байланысты сұраныс көбейгендіктен базарда орын алатын әдеттегі құбылыс деп қабылданған болатын. Алайда картоп Рождестводан кейін де арзандаған жоқ. Сөйтсе, «картоп дағдарысы» республикалық ауқымда жүріп жатыр екен. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 384 просмотра
Махамбет сусыз қалды Қоғам

Махамбет сусыз қалды

Махамбет селосы Жайықтың тап іргесінде орналасқанымен ауыз суға мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Біз селоны аралап шықтық. Көзге шалынған су тарататын колонканың бойында ылғал жоқ. Айналасын мұз басқан. Су мұқтаждығы селода қалып қойғанымен мұз айдынын жасаған биліктегілердің қаракеті тым күлкілі көрінді. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 761 просмотра
Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын Мәдениет

Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын

Атырау әншісі Әсел ӘБДІРАХМАНОВАНЫҢ әлемдік музыка Олимпін бағындыру жоспарында бар. Cоңғы жарты жыл ол  үшін текке өтпеді – ол өзінің алғашқы жеке альбомы үшін материал дайындап, тіс қақты Америка жұртшылығы алдына шығатын өз имиджімен жұмыс істеді. Мұның бәрін туысқандары мен жақындарынан жырақта – Америкада жүзеге асырған. Туған қаласына азғана уақытқа келген ол біздің оқырмандарымызбен өз жетістіктерін бөлісуге асықты.  19 қаңтар 2011, 00:00 4 009 просмотра
Мүгедектің мұңы қашан сейілер? Қоғам

Мүгедектің мұңы қашан сейілер?

«АЖ» поштасына индерлік, бірінші топтағы мүгедек Қабес Қапаров жан айқайын былайша жеткізді. ‑ Мен «АЖ» газетіндегі «Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?» деген мақаланы оқып, ойға қалдым. Ондағы жатақхана тұрғындарының қаржы жетпестігіне байланысты ауылдарға еріксіз көшірілгені турасында оқып, жаным жараланды. Өйткені мен де аудан әкімінің құр уәдесіне алданып қалған болатынмын. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 885 просмотра