АСТАНА, 13 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Сот ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты 1,1 миллиард теңге айыппұл төлеуге міндеттеп, ешқайда шықпау қолхатымен босатты деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.
«Сот Оспанов Мұрат Мағауияұлын ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімінен, 366 бабы 4 бөлімімен қарастырылған қылмысты жасады деп тануға және ҚР ҚК 55 бабын қолданып, мүлкін тәркілей отырып, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды», - деді судья Ербол Рахымбеков жұмада.
Мұрат Оспановқа Қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша аса ірі көлемде пара алды, ал Арман Ақтайға 312-бап бойынша аса ірі көлемде пара берді деген кінә тағылып отыр.
Оспанов 2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінде жауап беруден кейін ұсталған болатын.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Дереккөз: newskaz.kz