БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирия мен Ирактағы атышулы «Ислам мемлекеті» мен басқа да радикалды ұйымдардан мұнай сатып алмау туралы қарарға қол қойды.
Сонымен қатар бұл құжатта лаңкестерден кепілдегі адамдар үшін ақша төлеп тұтқыннан босатуды тоқтату керек деп айтылған. Сарапшылардың айтуынша, былтыр радикалды ұйымдар кепілдегі адамдарды сатумен 45 млн доллар табыс тауыпты. Қарар бірауыздан қабылданды. Ұйым мүшелері кез келген мемлекет бұл талаптарды бұзатын болса, жазалау шаралары қолданылатындығын да ескертті.
Дереккөз: 24.kz