АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық жағалау күзеті Ливиядан Лампедуза аралына өтпекші болған 2164 мигрантты құтқарды, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.
Мигранттар Италия жағалауына бірнеше қайықпен жүзіп барған. 520-ға жуық адам итальяндық әскери кеме бортына жеткізілсе, тағы 900-і кедендік және жағалау күзетінің қайығына отырғызылды, қалғандары да басқа қайықтарға жайғастырылды.
БҰҰ БЖКБ (босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасы) деректері бойынша 2014 жылы Жерорта теңізіне осылайша 218 мың заңсыз мигранттар мен босқындар жүзіп өтпекші болған. Бұл үдерістің 2015 жылы да жалғасатын түрі бар.
Дереккөз: inform.kz