Қоғам Күрмеуі шешілмеген жол-көлік оқиғасы Бұл жол-көлік оқиғасы өткелі бір жылдай уақыт болды. Былтыр маусымның 19-ы күні сағат түнгі он бірде «Ардагер» сауда-ойын-сауық орталығының алдында Мitsubishi Outlander автокөлігі мен ВАЗ 21099 автокөлігі соқтығысып, оның арты шешілмес дауға ұласты. 3 ақпан 2011, 00:00 4 073 просмотра
Оқиға Есептен жаңылған полицейлер Құрманғазы аудандық прокуратурасы жергілікті полицейлердің қылмыстық істі жасыратынын анықтап, шара алған болатын. 3 ақпан 2011, 00:00 2 999 просмотра
Оқиға Шалғай ауылда да есірткі бар Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі Магилан ЕРКІНҰЛЫНЫҢ мәлімдеуінше жергілікті сот есірткіні сақтаушыны бір жыл шартты мерзіммен соттаған. 3 ақпан 2011, 00:00 3 397 просмотра
Оқиға Пагон таққан барымташылар Махамбетте барымташылар қолға түсті. Оларға құқық қорғау органдары қызметкерлері қолдау көрсеткен. 3 ақпан 2011, 00:00 3 748 просмотра
Басқа жаңалықтар Махамбеттегі зираттарды да қиратып кеткен Мұсылман бейіттерін қирату жайттары енді аудандарда да байқала бастады. Бұл жайлы «АЖ» поштасына Махамбет ауданының прокуроры Аман Дүйсенғалиев хабарлап отыр. 3 ақпан 2011, 00:00 3 384 просмотра
Оқиға Ашкөзденген ревизор және оралмандарға арналған «жәрдемақы» Қаржы полициясындағы өткен жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясында жалған кәсіпкерлік, көші-қон департаментіндегі айла-шарғылар және алуан түрлі пара алушылықтар туралы әңгіме қозғалды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 192 просмотра
Қоғам Терминалдар билет сата бастады «Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанда 100 жаңа вокзал салуды және қолданыстағы 120 вокзалды күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. 2 ақпан 2011, 00:00 3 762 просмотра
Қоғам Кептерлерді қайтаруға уәде берілді Саяси қуғын-сүргін мемориалдық тақтасындағы кептердің жоғалуынан кейін жергілікті билік ақыры оған жауаптыны тапты. Естеріңізде болса, бізбұл мәселені осыдан бір ай бұрын қозғаған болатынбыз.Бірақ оған жауаптыны іздестіру бізді тығырыққа тіреген еді. 2 ақпан 2011, 00:00 3 515 просмотра
Қоғам Емханалар өз пациенттерін қайта есептеуде Емханалар жаңа жылдан бастап өздеріне бекітілген халықтың тіркелімдерін қалыптастыруға кірісті, ал, ол пациенттер тарапынан біраз наразылықтар туғызды. Жақын күндердің бірінде «АЖ» газетіне бір оқырман хабарласқан болатын: «Мен №2 қалалық емханаға қараламын. Учаскелік дәрігер келесі келгенімде өзіммен бірге жеке бас куәлігімнің көшірмесін ала келуімді сұрады және міндетті түрде онда ЖИН көрсетуді тапсырды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 408 просмотра
Қоғам Жұмыс жасап тұрған балабақшалар жеке иелікке өтпейтін болды «АЖ» №3 санында, №24 («Счастливое детство») балабақшасы жеке қолға берілетіндігі туралы жазған болатынбыз. Жарияланымнан кейін «Счастливое детство» балабақшасына баратын бүлдіршіндердің ата-аналары осы шешімге қарсы шықты. 2 ақпан 2011, 00:00 3 824 просмотра
Қоғам «Әуежай бұрынғы режимде жұмыс істей береді» Домодедоводағы лаңкестіктен кейін қазақстандық әуежайлар қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мәселен, енді ақтөбелік әуежайға әдеттегідей кіре алмайды, оның кірер ауызына рамалы детектор орнатылған. Бірақ мұндай өзгеріс Атырау халықаралық әуежайында байқалмайды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 702 просмотра
Оқиға Қожайындары құтқара алмады 29 қаңтарда №2 қалалық сот өткен жылдың қазан айында ұсталған ресейлік браконьерлерге үкім шығарды. Естеріңізде болса, 24 қарашада жүргізілген рейд кезінде Каспий теңізінде екі байда қайығымен балық аулап жүрген 6 РФ азаматтары (дағыстандықтар) қолға түсті («АЖ» №43, 2010 жыл-«Қожайынға қоңырау шалар ма еді...»). 2 ақпан 2011, 00:00 2 948 просмотра
Экономика Мейрамханалар мен бутиктер салық алдында кедей боп көрінеді Кәсіпкерлер өз декларацияларында кірістерін бір жарым еседен артық мөлшерде кем көрсетіп жазады. Мұны салық қызметкерлері хронометражды тексеру барысында анықтады. 2 ақпан 2011, 00:00 3 517 просмотра
Экология Экологтар 14 миллионның қайда кеткенін түсінбеді Ғабдол Сланов атындағы жаңа кітапхана ғимаратында (әуежай жақта) «Жоғары антропогендік әсер жағдайында Солтүстік- Шығыс Каспийдің жануарлар дүниесінің жай-күйін зерттеу» қорытындыларын талқылау жөнінде дөңгелек үстел болып өтті. 2 ақпан 2011, 00:00 4 164 просмотра
Оқиға Қорымды қорлағандар жауапқа тартылуда «АЖ» газетінің өткен нөмірінде біз мұсылман зираттарын қорлаған жеті күдіктінің ұсталғандығын хабарлаған болатынбыз. Олардың барлығы да дәстүрлі емес исламдық бағытты қолдаушылар болып табылды. 2 ақпан 2011, 00:00 3 889 просмотра
Қоғам Мақаттан мұң арылар емес Мақат ауданында коммуналдық мәселелерді шешуге миллиардтаған қаржылар бөлінсе де мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Тек былтырғы жылдың өзінде Мақат ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге облыстық бюджеттен 5 млрд. 370 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат аудандағы газ және су құбырлары жүйесін, жолдарды жаңалауға, «Атырау –Мақат» су құбыры құрылысына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік қамтуларға жұмсалған. Бұны былтырғы жылдың аяғында Мақат ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ айтты. Бұл қаржылардың есебін анықтау әзірше мүмкін болмай отыр. 2 ақпан 2011, 00:00 4 998 просмотра
Қоғам Техникалық тексеруден әзірге жол полициясы өткізеді Өткен жылдан бері ҚР «Механикалық транспорт құралдары және оларға тіркелетін тіркемелерді міндетті техникалық тексеруден өткізуді жүргізу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына дайындық жүргізілуде. 2 ақпан 2011, 00:00 3 278 просмотра
Қоғам Қартайып барамыз... Қазақстан халқына соңғы жүргізілген санақ қорытындысы бойынша олар «қартайып» жатқандар санатына жатқызылды. Белгілі болғандай БҰҰ-ның анықтамасына сәйкесті мемлекетті «қартаю» санатына жатқызудың бастапқы деңгейі бойынша-65 және одан жоғары жастағы халықтың 7 пайызы болуы керек. Республикалық статистика жөніндегі комитет Агенттігінің төрағасы Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ айтуынша, Қазақстанда 65 жастан асқан адамдар саны 7,1 пайызға жеткен. 2 ақпан 2011, 00:00 3 795 просмотра
Қоғам Елеусіз қалған шағымдар Қаңтардың 25-і күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы былтырғы жылғы жұмыстарын қорытындылады. Осыған орай өткізілген баспасөз мәжілісінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі құзырлы органдардың тарапынан мүлдем орындалмай отырғандығы белгілі болды. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 113 просмотра
Мәдениет Түрмедегі арулар Өткен аптада Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзеу мекемесінде тағы да мәдени шара өтті. Бір қызығы ол ешқандай мереке немесе атаулы датаға негізделмеген. Жай ғана сотталғандардың моральдық рухын көтеру үшін. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 880 просмотра
Мәдениет Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты Қаңтардың 14-і күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ақ желкен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Атырау суретшілерінің көрмесі ашылды. Онда жалпы 12 суретшінің 40 жұмысы апарылды. Атыраудан өкіл болып барған қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиев, қылқалам шеберлері Әділқайыр Жантасов пен Исім Арыстанов бұл көрмеге өздерінің және жергілікті суретшілердің жұмыстарын кеңірек таныстырып қайтқан болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 10 039 просмотра
Экономика «Мұнай бағасының өсуі қуануға негіз емес» Жыл басынан бері бәріміз де бағаның өсуін үрейлене бақылауға алудамыз. Жаппай қымбаттаумен қатар теңгенің девальвациялануы туралы да қауесет тарап кетті. Егер дұрыс пікір білдірер болсақ, алаңдауға негіз жоқ – мұнай бағасы әзірге өсіп жатыр. Алайда бұл жақсылық па, жоқ па? Осы және басқа да мәселелер туралы қаржы сарапшысымен әңгімелескен едік. Ол әңгімені ашық айтуға уәде берді. Есесіне өзінің аты-жөнін құпия қалдыруды ұйғарды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 347 просмотра
Басқа жаңалықтар Ирландиядан әкелінген улы жүк Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қазақстанға заңды бұза отырып әкелінген улы заттың ірі партиясын анықтады. 27 қаңтар 2011, 00:00 2 917 просмотра
Қоғам Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 089 просмотра
Басқа жаңалықтар Вице-министр жол апатына ұшырады 25-ші қаңтарда 16 сағат 30 минутта қалалық Элеватор ауданында «Нефтемаш» зауытына барар жолда ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік КАМАЛИЕВ мінген джип аударылып, сайға түсіп кеткен. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зақым алған шенеунік облыстық ауруханаға жеткізілген. ІІД баспасөз релизіне сәйкес, «Тойота-Прадо» көлігінде отырған жүргізуші мен облыстық әкімдіктің екі қызметкері зардап шекпеген. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 168 просмотра