Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Әйеліне пышақ салды

2 383 рет қаралды

Фотосурет: mymgn.infoФотосурет: mymgn.info

17 ақпанда кешкі сағат жетілерде Владимирский көшесінің бойында перзентхана жанында жаяу жүргіншілер сұмдық көріністің куәгерлеріне айналды. Ер адам әйелге пышақ салып алды.

Содан кейін ол қашып кеткен. Куәгерлер «жедел жәрдем» мен полицияны шақырады. Облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесі дәрігерлерінің айтуынша, Лесхоз ауданының 37 жастағы тұрғыны кеудесіне салынған пышақ жарақатымен стационарға түскен.  

Оған шұғыл ота жасалды. Қазір әйел есін жиды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қылмыскердің жеке басы анықталды – бұл зардап шегушінің 35 жастағы жұбайы болып шықты. Ол ұсталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

18 ақпан 2015, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.