Атырау, 29 наурыз 02:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 439 просмотра

Полицияға Әуезов көшесінің бойындағы 36 жастағы қожайын әйелдің оған тұрғын үй алаңын жалдауға уәде бергенін, 90 мың теңге сомада бір айдың төлемақысын алғанын, ал заттарын алып келгенде, есіктің тарс кілттеулі тұрғанына шағымданды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***



Атырау қаласының криминалды полициясы Өзбекстанның Хорезм облысының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Оған көрші елдің құқыққорғау органдары ӨР ҚК-нің 206-бабы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша іздеу жариялаған екен.

***



Исатай ауданының Исатай ауылында АІІБ қызметкерлері шанағына екі тонна дизель отыны құйылған бөшкелер тиеген ГАЗ-2705 «Газель» көлігін тоқтатты. Солярканың қайдан алынғанын жүргізуші түсіндіре алмады. Тергеу жүргізілуде.

***



Ақпанның 13-де күндіз №17 теміржол разъезінде су полициясы мен жол-патрульдік қызметтің қызметкерлері «Приора» ВАЗ-21713 көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан ілеспе құжатсыз 106 келі қара балық табылды. Сол күні Привокзальныйда су полициясы көлігінен жаңадан ауланған 7 қорап жайынды түсіріп жатқан ақтөбелікті ұстады. Балықтың жалпы салмағы 157 келі. Тексеру жүргізілуде.

***



ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 13-15 ақпан аралығында жол-патруль қызметі 900-ге жуық Жол жүрісі қағидаларының бұзылғандығын анықтаған: ішімдік ішіп көлік жүргізгендер - 25, қарсы бағыттағы жолға шығу – 18, көлік жылдамдығын асырып жүргізгендер - 214, қауіпсіздік белбеуін тақпағандар - 121, апаттық жағдай жасау – 17, қауіпсіздік белдігін тақпау – 121, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендер - 48, көліктерінің терезелерін қараңғылағандар - 26.

***



Жүргізілген талдаулар облыс автожолдарындағы ЖКО орын алуына жылдамдықты арттыру, басып озу және меневр жасау, көлік құралдарын қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ, жүргізушілердің алаңғасарлығы мен шаршаңқы болулары негізгі себеп болатындығын көрсетті.

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.