Атырау, 28 қараша 05:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қырық жыл жөндеу көрмеген

3 578 просмотра

Махамбет ауылындағы Оңай Шонаев атындағы мектеп қырық жылдан бері күрделі жөндеу көрмей, азып-тозып тұр.

Жерлесіміз Оңай Шонаевтың есімі Эстонияның Тарту қаласындағы №13 орта мектебіне де берілген. Ол қаланы неміс фашистерінен азат ету жолында сол жерде қаза тапқан. Жыл сайын осы кісінің туыстарын сол жаққа шақырады. Ал екі мектепті салыстыруға келмейді.  

Бүгінде мұнда 500-ден астам бала оқиды. Ал мектеп 320 оқушыға арналған, сондықтан мұнда сынып бөлмелерінің жетіспеушілігі анық байқалады. Мұғалімдер бөлмесі де тар.

- Біздер жыл сайын өз күшімізбен дәліз бен сыныптарды әктейміз, сырлаймыз, төбені сылаймыз. Қанша жамауға тырыссақ та, ғимаратқа күрделі жөндеу керек, - деп есептейді ұстаздар.

Жыл сайын мектептің жәй жөндеуіне жергілікті бюджеттен 200-230 мың теңге бөлінеді екен. Бұл қаржы спортзалды әктеуге ғана жетеді. Ғимараттың сыртқы қабырғалары жарылып, іргетасы отырып, шатыры тесілген. 

- Мектепте ылғалдылық бар әрі жарығы да жетіспейді. Ғимарат құлауға жақын, - дейді ата-аналар. - Бұл мектеп аудандағы ең нашар ғимарат болып саналады. Жыл сайын жөнделеді дейді, қуанамыз, бірақ ешқандай нәтиже жоқ.

Жағдайға түсінік беру үшін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мардан СЕЙІТҚАЛИЕВКЕ хабарластық:

- Мектептің жағдайы қиын екенін білеміз. Мектептің жобалық сметалық құжаты жасақталып қойылған. Биыл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 89 млн 542 мың теңге бөлінеді деп күтіп отырмыз. Онда оқу жылы аяқталысымен күрделі жөндеу жұмысы басталады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.