Біздің өтінішіміз бойынша ІІД әкімшілік полициясы басқармасы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Жол жүрісі қағидалары (ЖЖҚ) бойынша түсініктер мен айыппұлдардың нақты сомалары туралы ақпарат берді.
-Жаңа Әкімшілік кодекс (ӘК), әсіресе, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарды реттеу саласында және ЖЖҚ бөлігінде үлкен өзгерістерге ұшырады, - дейді ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Досай ЖҰПҚАЛИЕВ (суретте). – 44 бап пен 13 бөлім ҚР Қылмыстық кодексіне (ҚК) көшті. Мәселен, ескі редакциядағы ӘК-тің 79-бабы мазмұнындағы «Ұрып-соғу» енді ҚК-нің 109-бабы бойынша қаралады. Жазалар қатайтылды – егер бұрын 20 АЕК-ке дейін немесе 15 тәулік әкімшілік қамақ болса, қазір 100 АЕК немесе 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту.
Жаза түрін судья белгілейді. Мүмкін, менің ойым қате болар, алайда, менің жеке көзқарасым бойынша, жазаның мұндай мөлшері – 198 200 теңге – ортақ отбасылық бюджетке үлкен зиян келтіретін қомақты қаржы ғой, сондықтан да үйден таяқ жеген құрбандар өз «сүйіктісін» полицияға тапсырар алдында жақсылап ойланатын болар.
- Қандай ЖЖҚ бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар өсті?
- Жүріс жылдамдығын арттырғаны үшін – ЖКО себептерін зерттегенде, осы басты себеп болған. Жүргізушілердің назарын мынаған аударғым келеді: республикааралық маңыздағы автожолдарда жылдамдықты 100 шақырымға дейін (бұрын 100 болды) шектеу енгізілді, егер бөліп тұратын жолақ болса – 110 шақырымға дейін. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі артты: бірінші рет – үш жылға, апаттық жағдай туғызған осы әрекет – төрт жылға, ЖКО тудырған осы әрекет үшін – бес жыл, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар осы әрекеттер – 20 тәулікке әкімшілік қамақ, әкімшілік қамақ қолданылмайтын тұлғаларға (аяғы ауыр әйел, зейнеткерлер және т.б.) қатысты осы әрекеттер – 200 АЕК (396 400 теңге).
Жалпы мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылдан 10 жылға дейін жүргізуші құқығынан айыруы мүмкін.
- Қоғам арасында әр көлік құралын балалар авто креслосымен жабдықтау мәселесі үлкен дау тудырды. Осы бапты қолдануды кейін шегеруге ұсыныс түсті ме?
- Депутаттардың бұл ұсынысы әрі қаралып жатыр, ешкім жаңа ережені тоқтатқан жоқ.
- Күндіз шам жағып жүру туралы талап, сіздің ойыңызша, неге негізделген?
- Күндізгі бағыттық жарықты қосып жүру – халықаралық тәжірибеде бар талап, бұл арқылы ЖКО санын 20%-ға дейін төмендетуге болады.
- Оны бұзғаның үшін қандай айыппұл белгіленген?
- Бес АЕК.
- Қолданып жатсыздар ма?
- Қаңтардың алғашқы аптасында тек ескерттік, содан кейін айыппұл сала бастадық.
- Айыппұл төлеудегі «жеңілдіктер» туралы айтыңызшы?
-Егер жүргізуші өз кінәсін мойындап, айыппұлды жеті жұмыс күні ішінде төлеуге дайын болса, оның мөлшері 50%-ға төмендейді. Бұл норма кәмелетке толмағандарға, автоматты режимде жұмыс жасайтын техникалық құралдармен (жылдамдық өлшегіштер) анықталған бұзушылықтарға және бір қатар жағдайларда қолданылмайды. Егер белгіленген мерзімде айыппұл төленбейтін болса, белгіленген мерзімде (30 күнге дейін) төлеу туралы қаулы шығарылып, тұрғылықты жеріне жіберіледі және айыппұл сомасы 100 пайыз болады.
Жұпқалиевтің айтуынша, айыппұлдар мөлшерін, біз ойлағандай, көбейтпеген, оларды нақтылаған:
- Олар көбейді деген қате пікір. Мәселен, егер бұрын лауазымды тұлғаның немесе соттың қарауына қалдырып, «1 ден 10 АЕК-ке дейін» деп жазылса, жаңа редакцияда айыппұл салуда жемқорлықты болдырмас үшін бірыңғай тариф белгілеген.
- Егер жүргізуші оған таңылған бұзушылықпен келіспесе немесе даулы жағдай болса, не істеуі керек?
- Ол хаттамаға өзіне таңылған бұзушылықпен келіспейтінін жазып, әрі қарай сотқа шағымдануына болады.
- Қандай жағдайда инспектор көлікті тоқтатуға құқылы?
-ҚР Жол жүрісі туралы Заңның 52-бабына сәйкес, ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға мыналар негіздер болып табылады: 1) көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы, оның ішінде техникалық тіркеу құралы тіркеген жол жүрісі қағидаларын бұзуы; 2) айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ, жүргізушілері жол-көлік оқиғалары, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыс; 3) осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында (медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне) көзделген жағдайларда көлік құралын беру қажеттігі; 4) стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде; 5) полиция бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру. Арнайы іс-шараларды жүргізу кезеңінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлік құралдарын полиция бекеттерінен тыс жерде тоқтатуға жол беріледі; 6) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қозғалысты шектеу немесе оған тыйым салу туралы шешімдерін орындау; 7) жүргізушіге және (немесе) жолаушыға (жолаушыларға) өздері куә болып табылатын жол-көлік оқиғаларының, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сауал қою қажеттігі; 8) жол жүрісін реттеу.
- Жүргізушіде не болуы керек?
- Жүргізуші куәлігі, техпаспорт, сақтандыру полисі. Инспектордың талабы бойынша дәрі-дәрмек қорабы, өрт сөндіргіш, апат белгісін көрсетеді.
Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
ЖЖҚ бұзушылықтар тізімі, сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске 10.01.2015 күні енгізілген өзгертулер мен қосымшалар бойынша жауапкершілік шаралары (2015 жылғы айлық есептік көрсеткіш 1 982 теңгеге тең).