10-20 ақпан аралығында облыс бойынша «Қару» поли-циялық шұғыл-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.
Бүгінде 4 мыңға жуық қару иелері тексеріліп, 200-ден аса сақтау қағидаларының бұзылуы анықталды, жалпы сомасы 800 мың теңге айыппұл өндірілді. Атап айтсақ, 70 адам қару сақтайтын сейфінде дабылдатқыштың жоқтығы үшін жазаланды.
«Қару» аясында азаматтардан газды травматикалық қаруларды ақылы қабылдау жалғасуда. 10 ақпаннан бері 46 дана қабылданды. Тапсырылған қаруларға өтемақы беру сараптама жүргізілгеннен кейін төленеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ