
Қазақстандық салық органдары жүргізген тексерістерден кейін халықаралық интернет-компаниялар ел бюджетіне миллиардтаған теңге қосымша аударды, деп хабарлады Tengrinews.kz..
OpenAI — ChatGPT әзірлеушілері бастапқыда 1,8 млрд теңге көлемінде салықты толық төлемеген. Ресми хабарлама алған соң компания қарызды толық өтеді.
AliExpress және тағы 76 ірі шетелдік платформа да назарға ілікті.
Салықшылар екі негізгі заңбұзушылықты анықтады:
- Кейбір платформалар Қазақстанда тіркелмей-ақ қызмет көрсеткен;
- Басқаларында пайдаланушылардың нақты төлемдері мен бюджетке түскен ҚҚС («Google салығы») арасында айырмашылық болған.
Барлық 77 компания қателіктерді түзетіп, бюджет алдындағы міндеттемелерін орындады.
В Атырау +31.9