Басқа жаңалықтар Телефон қымбаттап, интернет арзандады 1-ші ақпаннан бастап «Қазақтелеком» жаңа тарифтер енгізбек. Келесі айдан бастап жеке тұлғалар үшін негізгі телефонның абоненттік төлемақысы 20 пайызға өспек. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 277 просмотра
Қоғам Мақаттағы жол азабы Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 894 просмотра
Экономика Жылуды үнемдеу жолдары табылды Биылғы жылдан бастап Атырау қаласында энергия көздерін тиімді үнемдеу мақсатында жаңа автоматтандырылған жылыту пунктері іске қосылатын болады. Мұндай жағымды жаңалық еліміздің барлық аймақ орталықтарына да қатысты. Өйткені, осы жылы республика бойынша 144 автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру сынақтық жобалары іске асырылмақ. 27 қаңтар 2011, 00:00 9 855 просмотра
Қоғам Сәбилерге екпе салу керек пе? Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 32 871 просмотра
Оқиға «Қарақшылар» қарап жатқан жоқ Атырау облыстық әділет департаменті режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетовтің «Елки» кинофильмінің контрафактілік дискілерін заңсыз сату туралы арызы бойынша тексеру жүргізуде. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 360 просмотра
Басқа жаңалықтар МАБ сынағы сақталады Мемлекет аралық бақылау (МАБ) сынағы алынады деген алып-қашпа әңгіме жалған болып шықты. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасында таяу күндердің ішінде Білім және ғылым министрлігінен осыған сәйкесті бұйрық келіп түскендігін хабарлады. Биылғы жылы МАБ сынағы 24 ақпанда өткізіледі. Әзірге бұйрықта оқушылардың тапсыратын пән атауы көрсетілмеген болып шықты. Алайда, ұзынқұлақтың айтуынша, бұл пән математика болмақ екен. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 568 просмотра
Басқа жаңалықтар Одақ елдерінен келетін ақша декларацияланбайды Кедендік одақ аясында жеке тұлғалар әкелетін немесе елден шығаратын ақшалай қаржылардың мөлшеріне енді шектеу қойылмайтын болды. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 173 просмотра
Басқа жаңалықтар Сегіз адам газдан уланды 19 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Жаңа-Қаратоннан Жылыой аудандық ауруханасына уланған 7 адам жеткізілді деген ақапарат келіп түсті. 48 жастағы әйел адам ауруханаға жетпей көз жұмған. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 484 просмотра
Қоғам Тұрғын үй үшін бос жер жетерлік Сенбі күні қаладағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарындағы ел аузындағы әңгіме біреу болды. Ол қалалық әкімдіктің «Дина» орналасқан аумақты тұрғын үй құрылысы үшін беруге шешім шығарғандығы және базарды қала сыртына-Бірлік поселкесі ауданына көшіретіндігі жөніндегі сыбыс еді. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 352 просмотра
Мәдениет Өткенсіз болашақ жоқ Атырау өлкетанушысы Вячеслав Афанасьев жаңа «Жұлдыз» ықшам ауданы шамамен XIII-XIV ғасырларға тұспа-тұс келетін кәсіпшілікпен айналысқан көне қоныс-мекеннің дәл қасынан салынып жатыр деп дабыл қағуда. 26 қаңтар 2011, 00:00 9 180 просмотра
Экология «Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады? ҚР Үкіметі теңізде және ішкі су айдындарында, ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, төтенше экологиялық ахуалды аймақтарда мұнай операцияларының жүргізілу Ережесін бекітті. Бұл жаңа ереженің тигізер ықпалы жайлы жергілікті сараптамашылардан сұрап білдік. «Каспий Табиғаты» қоғамдық ұйымы төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ: «Ереженің жасақталуы жаман емес, барынша қатаңдау. Алайда, әңгіме-оның қалай қабылданатындығында ғой. Бұдан басқа, Экологиялық кодекске қылмыстық жауапкершілікке тартып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырытындай баптарды қарастыратын түзетулер енгізу қарастырылуда. Министрліктің алқа жиынына жеке өз басым қатысып, жазалау шарасын атуға дейін күшейту керек деген ұсынысымды айттым. Оған жауап ретінде министр күлді де, біз өркениетті елде тұрамыз ғой деді. Алайда, Қытай өркениетті ел емес пе? Біздің химиялық кешенде жұмыс жасауға кіріскелі жатқан «Синопек» компаниясының директорын елінде ату жазасына кескен». 26 қаңтар 2011, 00:00 6 204 просмотра
Қоғам Тыйым салынған емханадан репортаж Балалар стоматологиялық емханасының дәрігерлік кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның қызметі тағы да тоқтатылды. Әзірге облыстағы жалғыз балалар стоматологиясы емханасының жағдайымен жақын танысу үшін біз сол жерге аяқ бастық. Әдетте, «облыстық стоматология» деген сөз тіркесі айтылса, ғимараттың кейпі және де осы ғимараттың баспалдақтары, кең фойесі, ақ плиталар төселген кабинеттер мен алуан түрлі стоматологиялық құрал-жабдықтардың көз алдыңа келері сөзсіз. Ал іс жүзінде мұнайлы астана балаларына қанадй қызмет ұсынылып отыр? 26 қаңтар 2011, 00:00 6 680 просмотра
Оқиға «Жұмбақ»оператор Облыстық прокуратура жергілікті туристік оператордың жұмысында заң бұзушылықтар орын алғандығын анықтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 437 просмотра
Басқа жаңалықтар Қарыз қайтарылды Прокуратура «Туран Строй Сервис» ЖШС қызметкерлеріне еңбекақыларын алып беруге қол жеткізді. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 114 просмотра
Экология Жайық– суға батқан кемелер өзені Соңғы бірнеше жылда Жайық өзені қатты тайызданып, өнеркәсіптік қалдықтармен ластануда. Биылғы жылдың болжамы да қуантпайды: Жайық тағы да «құрғақ» жазды күтуде. 26 қаңтар 2011, 00:00 17 439 просмотра
Басқа жаңалықтар Көлік салығы көтерілді 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарының салық мөлшері өзгерді. Қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін болатын жеңіл көлік салығы 5 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 6 АЕК-ке дейін, ал қозғалтқыш көлемі 2500-ден 3000 текше метрге дейін болатын жеңіл көліктер үшін – 8 АЕК-тен 9 АЕК-ке дейін өскен. 26 қаңтар 2011, 00:00 6 865 просмотра
Қоғам АТАМБАЕВТЫҢ ҚАЙСАР АДАМДАРЫ Махамбет ауданына қарасты Ө. Атамбаев елді мекен тұрғындары қайсарлықпен өмір сүруде. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 804 просмотра
Қоғам Көлікқұмар жастар депутатпен келіспейді Былтыр күзде Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев Үкімет басшысының атына «жүргізуші куәлігін 21 жастан беру қажет» деген ұсыныс айтқан болатын. Кейін бұл бастаманы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков те қолдады. Алайда, еліміздегі кейбір қоғам қайраткерлері мен жол сақшыларының өзі мұнымен келіспей отыр. Атыраудағы автомектеп жетекшілері мен көлік үйренемін деп жүрген кей жастар да бұған түбегейлі қарсы. 20 қаңтар 2011, 00:00 6 112 просмотра
Экономика Әкімдік еттің екі мың теңге болмағанын мақтанышпен мәлімдеді Дүйсенбіде облыстық әкімдікте Жаңа жыл алдында аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағаларына қатысты мәселелер талқыланды. Биліктегілер сатушылардың баға өсірулеріне ешқандай негіз болмағандығын сенімді түрде мәлімдеп отыр. Демек, сонда атыраулықтар кезекті баға келісімінің құрбаны болғаны ма?! 20 қаңтар 2011, 00:00 4 573 просмотра
Оқиға Қашқындарды сол күні ұстапты 6-шы қаңтарға қараған түні тергеу изоляторынан қашып кету фактісі орын алған. ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қамауда отырған үшеу (екеуі 1981 жылы туылған және біреуі 1977 жылы туылған) тергеу изоляторынан таңғы сағат бестерде ғайып болған. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 101 просмотра
Спорт Атырау көшелеріндегі Азиада алауы 16 қаңтарда Атырау әуежайына Ақтаудан Азиада-2011 алауы әкелінді. Оны АН-30 ұшағымен VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелері арнайы колбамен әкелді. Сол колба арқылы Алау еліміздің бүкіл аймағын аралап шығады. 20 қаңтар 2011, 00:00 8 555 просмотра
Қоғам Мүрдехана қызметі де ақылы Мақаттықтар өлген адамның денесін кері алу үшін сот медициналық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы ақша талап еткеніне шағымданады. Алайда филиал басшысы бұл әңгімені жоққа шығарып отыр. Көңілсіз әңгіме әрине. Бірақ бұл ерте ме, кеш пе өзекті жан атаулының басына келетін жай болған соң елеусіз қалдырғымыз келмеді. Өйткені жақыныңды жерлеу – оның отбасы үшін онсыз да үлкен орыны толмас қайғы және қаржылық шығын екені белгілі. 20 қаңтар 2011, 00:00 5 603 просмотра
Оқиға Қашуға күйзеліс түрткі болған 17-қаңтарда, Атыраудағы тергеу изоляторындағы төтенше оқиғадан кейін редакцияға жолдары болмаған қашқындардың бірі Дмитрий БАКИРОВТІҢ анасы мен жұбайы хабарласты. Олар оған тағылып отырған қылмыс бойынша істің жағдайын әңгімелеп берді. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 651 просмотра
Оқиға Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер? Өткен демалыс күндері белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратындағы он бес бейітті қорлаған. Зират қызметкерлері мұны 15-ші қаңтарда байқапты. Бұзақылар қатар жатқан бейіттердегі марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар тақталарын қиратып тастаған. Бәрін бірдей емес, іріктегендей зират жақтан бағдарлағанда орталық ауыздың оң жағындағы бейіттерді талқандапты. Тақталардың беткі жағына әлдебір қызыл сұйықтық жағып тастаған. Қылмыс болған жерге полиция қызметкерлері келіп, саусақ таңбаларын алып, суретке түсіріп алды. 20 қаңтар 2011, 00:00 12 927 просмотра
Басқа жаңалықтар Жаулин білім басқармасына басшы болды Қала әкімінің өкімімен әлеуметтік мәселелер жөніндегі қала әкімінің орынбасары болып бұрын гуманитарлық колледждің директоры және облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары боп жұмыс істеген, 1976 жылы туылған ҚАРАБАЕВА Айжан Сәрсенқызы тағайындалды. 20 қаңтар 2011, 00:00 5 007 просмотра