Таяу Шығыс пен Африка елдерінде лаңкестікпен күрес шараларын арттыруға Жапония үкіметі 1,83 миллиард иен (15,5 миллион доллар) бөлетінін жария етті, деп хабарлады РИА Новости.
Сейсенбіде Жапония СІМ басшысы Фумио Кисида журналистерге берген сұхбатында ол туралы 18-19 ақпанда Вашингтонда өтетін Халықаралық террорға қарсы саммит барысында ресми жария ететінін айтты.
Дереккөз: ҚазАқпарат