Атырау, 26 қараша 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан «Өзбекстан – Түркменстан – Иран – Оман» көлік дәлізіне қосылды

1 851 просмотра

Фото: ria.ruФото: ria.ruАстана. 16 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан «Өзбекстан – Түркменстан – Иран – Оман» көлік дәлізіне қосылды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметінен.

«2015 жылғы ақпанның 15-інде Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) «Ашхабад Келісіміне» қатысушы елдердің: Оман Сұлтанаты, Иран Ислам Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді», - делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің таратқан хабарында.

Ведомство сайтында атап көрсетілгендей, отырысқа Қазақстан делегациясын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті басқарып барды. Отырыста сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы Қазақстан аумағы арқылы Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс ірі халықаралық көлік дәліздерінің өтетіндігін баяндады.

Еліміздің географиялық қолайлы орналасуы мен Еуразиялық құрлықтағы мүмкіндігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше бақылауында тұр. Себебі, Қазақстанның стратегиялық даму бастамашылығында көліктік логистикалық хабқа айналдыру мен транзиттік әлеуетін арттыра түсудің маңызы зор. Қазақстан ғаламдық еуразиялық көлік жүйесін дамытуға мол үлес қосып келеді.

Қытай экономикасының дамуына орай жүк ағындарын Орта Азия, Иран және Парсы шығанағы елдеріне бағыттау бұрынғы дәстүрлі теңіз жолынан құрғақ жер арқылы трансқұрлықтық бағдардың қолайлы екендігі байқалып отыр.

Асқар Мамин өз сөзінде Қазақстанның Ашхабад Келісіміне қатысушы елдермен қослып қосымша жүк ағындарын тарту әлеуетінің молдығын атап өтті.

Ашхабад Келісіміне қатысшы елдердің арасындағы темір жол көлігі арқылы 2014 жылғы жүк айналымы 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 миллион тоннаға артып, 10% өскен. Барлығы 25 миллион тонна жүкті құраған. Оның 41 пайызын осы елдерге Қазақстан аумағы арқылы өткен транзиттік экспорттық жүктер құрады.

2020 жылдары Ашхабал Келісіміне қатысушы елдер мен Қазақстан арқылы өтетін жүктер жылына 40 миллион тоннаға жеткізілуі мүмкін.

Қазақстандық делегация басшысы Қазақстанның «Ашхабад Келісіміне» қатысушы елдер Иран, Оман Сұлтанаты, Түркменстан, Өзбекстан елдерімен бірлескен түрде халықаралық көліктік және транзиттік дәлізді бірлесіп пайдаланудан көп үміт күтіп отырғандығын жасырмады.

Ашхабад Келісіміне қатысушы «Өзбекстан –Түркменстан- Иран-Оман» елдерінің өкілдері Қазақстанның қатысуымен халықаралық транзиттік көліктік дәлізді одан әрі дамытуға қосылуын құптады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

16 ақпан 2015, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.