Алматы. 16 ақпан. ҚазТАГ – Ыстамбулда «Қырғыз айылы» киіз үй қалашығы пайда болады, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Қырғызстан мен Түркия үкіметтерінің арасында қол қойылған үкіметаралық келісім аясында, 2015 жыл Қырғыз Республикасының Түркия Республикасындағы туризм жылы деп жарияланған. Аталған келісімді іске асыру аясында 11-14 ақпан аралығында Ыстамбулдағы бас консулдықтың көмегімен Ыстамбул қаласында «Қырғыз айылы» мәдени фестиваль апталығын өткізу және ұйымдастыру бойынша бірқатар кездесулер өткізілді», - деді ҚР мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің жанындағы туризм департаментінің директоры Мақсат Чакмев дүйсенбі күні.
Оның айтуынша, фестиваль тұжырымы 2014 жылы қыркүйекте көшпенділердің Дүниежүзілік ойындары аясында «Қырчын» жайлауында ұсынылған «Қырғыз айылы» жобасының кішірейтінген түрінде болмақшы.
«Қырғыз айылы» Ыстамбул орталығында қойылатын 15-25 киіз үйден тұрады. Ол киіз үйлер толығымен ұлттық стильде безендіріліп, кәдесыйлармен толықтырылып тігіледі. Этнографиялық концерттер ұсынылып, ұлттық ойындар, «Дасторкон» («Дастархан») және ұлттық өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады. Және, әрине, Қырғыз Республикасы бойынша ең жақсы деген турлары Түркия азаматтарына ұсынылады», - деді ведомство басшысы.
Дереккөз: ҚазТАГ