Атырау, 4 маусым 03:30
 дождьВ Атырау +16.3
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Ғани Қасымов кезектен тыс сайлауға Назарбаевтың кандидатурасын жылжытуды ұсынды

2 192 рет қаралды

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АА"Патриоттар партиясының" төрағасы Ғани Қасымов  "Қазақстан-2050" Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын жылжытуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коалиция атынан біз қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жалғыз кандидат болатынын мәлімдейміз", - деді Қасымов жалпыұлттық коалиция отырысы барысында.

Ол коалицияның бүгін қабылдағалы отырған үндеуінде бұл қозғалыстың Елбасы бағытын қолдайтыны аталып өткенін айтты. "А" дей отырып, "б"-ны да айту керек", - деді Ғани Қасымов.

Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы 6 саяси партиядан, 18 ірі қоғамдық ұйымнан, саяси партиялардың 321 филиалынан және 500 ірі үкіметтік емес ұйымнан тұрады. Коалиция Қазақстанның 6,5 миллионнан астам азаматының мүддесін қорғайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 ақпан 2015, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.