
Сенаттағы баяндамасында Су ресурстары және ирригация министр Нұржан Нұржігітов 42 жаңа су қоймасын салу, 37 қолданыстағы қойманы реконструкциялау және 14,5 мың шақырым суару каналын жаңғырту жоспарланғанын айтты.
Қазіргі уақытта үш жаңа су қоймасының құрылысы басталды, Түркістан облысында екі нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 13 жобаның құжаттары дайындалуда.
Бүгінге дейін 1,5 мың шақырым суару каналы жаңартылды, биыл тағы 4,6 мың шақырымды жаңғырту көзделген.
Министрдің айтуынша, бұл шаралар 2030 жылға қарай шамамен 10 млрд текше метр суды үнемдеуге және қосымша жинақтауға мүмкіндік береді.
В Атырау +31.9