Атырау, 26 желтоқсан 06:23
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Адамдар неге қаза болуда?

2 226 рет қаралды

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 13-15 ақпан аралығында жол-патруль қызметі 900-ге жуық Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықты анықтаған: ішімдік ішіп көлік жүргізгендер - 25, қарсы бағыттағы жолға шығу – 18, көлік жылдамдығын асырып жүргізгендер - 214, қауіпсіздік белбеуін тақпағандар - 121, апаттық жағдай жасау – 17, қауіпсіздік белдігін тақпау – 121, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескендер - 48, көліктерінің терезелерін қараңғылағандар - 26.

Жүргізілген талдаулар облыс автожолдарындағы ЖКО орын алуына жылдамдықты арттыру, басып озу және меневр жасау, көлік құралдарын қою қағидаларын бұзу, сондай-ақ жүргізушілердің алаңғасарлығы мен шаршаңқы болулары негізгі себеп болатындығын көрсетті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 ақпан 2015, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.