Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Орал тас жолында тағы бір көлік апаты орын алды

4 641 рет қаралды

15 ақпанда Атырау - Орал тас жолында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, таңғы сағат 8-де Daewoo Gentra көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Атырауға кетіп бара жатып, қар жауып, көру мүмкіншілігі жеткіліксіз болғандықтан, қарсы қозғалыс жолағына түсіп кетіп, 40 жастағы Махамбет селосының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Нива» ВАЗ-2131 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Екі көліктің де жүргізушілері мен алдыңғы орындарында отырған жолаушылары Махамбет орталық ауруханасына жатқызылды. Кейінірек екі жолаушы алынған зақым салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тергеу ісімен облыстық ІІД-нің анықтау басқармасы айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

16 ақпан 2015, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.