Атырау-Астархан, Атырау-Орал республикалық мәндегі автожолдар бетін толассыз жауған жауыннан 5-6 см қалыңдықпен мұз басты.
ІІД ӘПБ қызметкерлері ТЖМ Қазавтодор қызметкерлерімен бірігіп аталған автотрассаларды зерттеді. Нәтижесінде осы бағыттарда 16 ақпан күні сағат 22.00-ден бастап автокөлік қозғалысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Аталған тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында ІІД әкімшілік полициясы басқармасының жол-патрульдік жасақтарының мобильді бекеттері қойылды.
Атырау-Астрахан автожолдарындағы (Атырау қ., Х. Ерғалиев, Аққыстау, Зинеден, Ганюшкино, Котяевка ауылдары) және Атырау-Орал трассасы бойындағы (Атырау қ., Алмалы, Бейбарыс, Махамбет, Зеленый, Индер ауылдары) елді мекендер маңына транзиттік көліктерді жинау қамтамасыз етілген және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірге көмек көрсету іс-шаралары жүргізілуде. Медициналық мекемелерге, өрт сөндіру бөлімдеріне және басқа да мамандандырылған ұйымдарға өз уақытында хабар берілді.
ІІД баспасөз қызметі