Атырау, 28 қараша 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көлеңкеден шығу оңай емес

1 500 просмотра

«Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында мүлікті заңдастыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Естеріңізге салсақ, мүлікті заңдастыру науқаны өткен жылдың 14 қыркүйегінде басталған еді. Бастапқыда біздің облысымыз республикалық рейтингте 3-ші орында, ал бүгін – 11-орында болды. Әзірге облыс бойынша жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 505 нысанды заңдастыруға 397 өтініш түсті. Жалпы сомасы 2,8 млрдтеңгеге 373 нысан заңдастырылды. Жалпы құны 377,7 млн теңге болатын 23 нысанды заңдастырудан бас тартылды. Құны 1,1 млрд теңге болатын 109 нысан бойынша тағы 72 өтініш әзірге қарастырылуда.

– Қалалық комиссия жұмыс жасағаннан бастап 303 өтініш түсті, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы Серік НЫСАНБАЕВ. – Кей жағдайларда біз бас тартуға мәжбүр болдық. Заңға сәйкес, заңдастыру туралы заң күшіне енгеннен кейін алынған мүлік заңдастыруға жатпайды. Екіншіден, бұрын жемқорлық баптары бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтардың мүліктері заңдастырылмайды. Үшіншіден, заңдастырылатын мүлік барлық құрылыс, санитарлық, экологиялық және өртке қарсы нормаларға сай келуі тиіс.

Біздің өңірімізде шетелдегі өз мүліктерін, банктік салымдарын немесе құнды қағаздарын заңдастырғысы келетіндер әзірге жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 ақпан 2015, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.